«Ашық зертханалар марафоны»: ғылым мен тәжірибенің ашық аспан
29 сәуір күні М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Ғылым және Шығармашылық онкүндігі аясында ең ауқымды әрі әсерлі іс-шаралардың бірі — «Ашық зертханалар марафоны» өтті. Іс-шараның интерактивті форматын ескере отырып, ұйымдастырушылар ғылыми алаңды мектеп ауласына көшіріп, оны ашық аспан астындағы үлкен тәжірибелік аймаққа айналдырды. Марафонның негізгі ұйымдастырушылары мен шабыт берушілері — жаратылыстану-математикалық бағыттағы тәжірибелі педагогтар: физика пәнінің мұғалімі Ниязов М.Н.,