«Бала FEST»: мектепішілік көркемөнер фестивалі — шығармашылық пен
М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде оқушылар мен педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін біріктірген жарқын іс-шара — қалалық «Бала FEST» фестивалінің мектепішілік кезеңі өтті. Биыл жас таланттар «Бейнелеу өнері» және «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша сынға түсіп, өздерінің еңбектері мен шексіз қиялдарының нәтижелерін қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынды. Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрме қонақтарды техника түрлерінің алуан түрлілігімен және көркемдік ойдың