Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді. Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды. Күміс медаль иегерлері: Роман Черемнов – Алматы қаласы