Педагог-зерттеуші » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
20
апрель
2020

Педагог-зерттеуші

Епекова Лаура Даулетовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі 15 жыл, М.Мәметова атындағы мектеп-лицейінде 10 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Оқушылары ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Қашықтан оқытуды мұғалімдер де оқушылар да, заманның талабы болғандықтан, барынша игеруге тырысып жатыр. Жаңа технологиялар дамыған заманда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келеміз. 
Лаура Даулетовна өзінің  қолданып жүрген қашықтықтан оқытуға арналған бағдарламаларымен бөлісейін деп отыр. Google Classroom қосымшасы, бұл қосымша компьютермен де, ұялы телефонмен де кіруге ыңғайлы. Школьникам тапсырмаларды тест түрінде, бейнематериал немесе презентация түрінде ұсынады. Әр тапсырмаға бағалау критерийлерін енгізе аласыз. Оқушылардан жұмысын жібергенде сізге хабарлама келеді және олар бір-бірінің жұмыстарын көре алмайды. Мұндай оқушымен кері байланыс жасау мүмкіндігі де қарастырылған. Әр оқушының жұмысына өзі ғана көре алатын жеке комментарий қалдыруға болады. Learningapps қосымшасы сабақты түрлендіруге арналған қосымша. Онлайн түрде қоладана беруге болады. Бұл бағдарламалардан бөлек Google формалар арқылы да оқушыларға тапсырмалар, сауалнамалар құрастырып жіберіледі. Оқушылар үлкен жауапкершілікпен тапсырмаларды орындап қайта жібереді. Үлкен сыныптарда жұмыс жасағандықтан, оқушылар түрлі ұсыныстар жасады. Түрлі бағдарламалар арқылы сабақ оқуға болатынын ұсынып, Discord қосымшасына тоқталды, бұл қосымша арқылы аудио, видео сабақтар жүргізуге ыңғайлы екенін тексеріп көрді. Бір-бірімізді естіп отырып, түрлі мәселелерді талқылап, оқушылар көп сұрақтарына жауап ала білді. Сабақта тиімді, ыңғайлы қосымшалар арқылы сабағымызды түрлендіре білсек, оқушылардың қызығушылығы мен білім, білік дағдылары артары сөзсіз.








Похожие публикации:

11 январь 2020 Дөңгелек үстел