БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы қ.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі»
республикалық проект ның жеңімпазымен кездесу
2018 жылдың 21 февраль күні М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қ. мұғалімдері мен оқушыларының және ата-аналардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық проект ның жеңімпазы, М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің оқушысы
Тимур Рыспековпен кездесуі өтеді
-Алматы қ. Управления образования;
-Алматы қ. Медеу аудандық білім бөлімі;
-№28 мектеп-лицейдің әкімшілігі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында экономикадағы, саясаттағы, қоғамдағы ауқымды өзгерістер Қазақстан азаматтарының санасын жаңғыртумен қатар жүруге тиіс екендігін атап көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Елбасының ел болашағын алдын ала болжай білетінін айқын көрсететін құнды құжат. Президентіміздің бұл бастамасының маңызы ерекше, өйткені біз жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін бүгіннен бастап қамтамасыз етуге тиіспіз.
Біздің заманымыздың жүз кейіпкері
2017 ж. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» проект қанат қақты. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында қоғам назарын талантты және табысты замандастарымызға аударуды ұсынған болатын. Бұл қазақстандықтар біздің заманымыздың басты кейіпкеріне айналады: олар туралы деректі фильмдер түсіріледі, баспасөзде жазылады. 100 есімнің әрқайсысының тарихы баршамыз үшін үлгіге айналуға, алға қарай ынталандыруға және еңбекқор адамдар ғана табысқа жететінінің айқын дәлелі болуға тиіс. Қазіргі уақытта осы адамдардың табыс тарихы жарияланатын арнайы сайт құрылды.Олар – әр аймақтағы түрлі ұлт өкілдері және әртүрлі жастағы дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, әскери адамдар, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ басқа да кәсіп иелері .
Онлайн-дауыс берудің нәтижесі бойынша жобаның 102 жеңімпазы анықталған болатын. Солардың бірі біздің мектебіміздің оқушысы – Тимур Рыспеков. Ол физика, информатика, математика саласындағы 28-ден астам патент пен авторлық құқықтың иегері, өнертапқыш. Оның жетістіктері мен табыстары туралы көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр.
Іс-шараға Алматы қ. Управления образованияның, Медеу аудандық білім бөлімінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар қауымы, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.
Өтетін орны: Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 102
№28 мектеп-лицейдің акт залы, 2- қабат.
Басталуы:сағат 10.00.
Қамтылуы : 200 адам
Спикерлер
№ | Аты-жөні | Қызметі | Тел.: Пошта: |
1 | Медетбекова Айсұлу Темірғалиқызы | №28 мектеп-лицей директоры | 8-701-7822374 |
2 | Ключинская Эльвира Владиславовна | Директордың орынбасары
| 8-701-721-5283 |
3 | Үсенжанова Лязат Сарсебаевна | Директордың орынбасары | 8-777-277-1974 |
Қосымша ақпарат үшін: тел.: 261-64-82
Пошта: alm_school28_