Дөңгелек үстел » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
11
январь
2020

Дөңгелек үстел

Бүгін М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел «Критериалды бағалау» атты тақырып аясында өрбіді. Дөңгелек үстелдің мақсаты әрбір мұғалімнің сабақта критериалды бағалау әдіс тәсілдерін түсіну болып табылады. Лицейіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майбек М.Б. «Критериалды бағалау» мақсаты мен бағалаудың жүргілізу жолдары жайлы баяндама оқыды. Талқылау барысында критериалды бағалаудың тиімділігі мен сыныпта қолдану тәсілдері жайлы пікір алмастық. Преподаватели оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалай білу, оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту керектігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалауға ұсыныстар енгізу және одан әрі талқылау, талдау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Пікір алмасумен жалғасқан шарада қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Епекова Л.Д. шара соңын қорытындылады.

Похожие публикации:

26 сентябрь 2019 Абай туралы