Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
Версия для
слабовидящих
» » Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар»
05
декабрь
2022

Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар»

05.12.2022 жылы 10 «А» сыныбында «Мұхит және экологиялық проблемалар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ көтерілген мәселенің себебі мен салдарын анықтап, шешу жолдарын іздеу және есімдіктің түрлерін жазбаша, ауызша тапсырмаларда қолдану деген мақсатпен жүзеге асты. Сабақта мұғалім оқуышылардың қызығушылығын арттырып, белсене оқуға итермелеп отырды. Оның дәлелі: жағымды көңіл-кдоморнатуда «Кубик-рубик» әдісі, домтапсырмасын сұрауда «Интервью» әдісі, мағынаны ашуда су құйылған құмырамен жасалған «Миға шабуыл» әдісі, мәтінмен жұмыс кезіндегі «Түртіп алу» әдісі, тілдік бағдарда қара пакеттегі қоқысты тиісті жәшіктерге салып, есімдіктің түрлерін әр ұяшыққа орналастыруда «Сұрыптаймын» әдісінің білім мен қатар тәрбиелік мәні де зор болды. Сабақты бекітуге «Фишбоун» әдісі арқылы әр топтың жауаптарымен балықтың мүсіні құрастырылды. Сабақ соңында «Тазалық» әдісімен рефлексия жасап, балалар сабақ бойы алған білімдерін сұрыптады. Сабақ жоспарға сай жүйелі өтіп, оқушылар мақсатқа жете білді.