Ашық сабақ "Аңдар” » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
07
декабрь
2022

Ашық сабақ "Аңдар”

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 2022 жылдың бесінші декабрьында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұсахан Ұ.Е. 1 "Г” сыныбымен "Аңдар” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта қойылған мақсатқа жету үшін оқушылармен қызықты тапсырмалар орындалды. Сабақтың барысы: "Көңілді күн” әдісімен сыныпта жағымды көңіл-кдомқалыптастыру үшін оқушылармен ерекше амандасып, сабаққа көңілдерін аударды. Сабақта бірнеше АКТ (Canva, Learning Apps) құралдарын тиімді пайдаланды. Мәселен, "Learning Apps” желісі арқылы жазылым дағдысы бойынша суреттер мен сөздерді сәйкестендіру және бірден өздерін тексеру арқылы тапсырма ыңғайлы орындалды. "Кім жылдам?" ойыны арқылы ұяшықтарды сәйкес келетін суреттермен жылдам толықтырды. Жеке және жұптық жұмыстар жүргізіліп, смайликтермен бағаланды.