«Тіл – достықтың кепілі» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
Версия для
слабовидящих
04
октябрь
2021

«Тіл – достықтың кепілі»

Лицейімізде «Тіл – достықтың кепілі» атты  Тілдер мерекесіне арналған  іс-шаралар өтті. Мақсаты: оқушылардың тілді үйренуге  деген қызығушылығын арттыру, тілдің аясын кеңейту, тілдің қарым-қатынас құралы ретінде маңыздылығын түсіну. Іс-шара лицейіміздің қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері ұйымдастыруымен өрбіді. Оқушылар Тілдер мерекесі аясында өздерінің тілді қаншалықты меңгергенін көрсете біліп, ашық сабақтарда, мәнерлеп оқуда, эссе жазуда белсенділік танытты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Назарова А. 7 "В" сынып оқушыларымен "Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" атты ашық сабақ, Кайыпова Г.А. 10 "А" сыныбымен "Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің тақырыптық ерекшелігі мен үштілдегі слабовидящих" атты сайыс сабақ өткізді. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жайлыбаева Б.У. мен  Майлыбаева М.С.  ұйымдастыруымен өткен 5-9 сынып оқушылары  тіл туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқуда өнерлерін көрсетті. Ағылшын тілі мұғалімдері Мариевская И.В. 9 "В" сыныбында сыныптан тыс іс-шара, Ибраимова К.К. 8 "В" сыныбымен "Our World" атты  ойын-сабақ, Ерболова М.Е.  5 "Г" сыныбымен "Oh my mother tongue" атты ашық сабақ, Ахметова А.А. 1 "Д" сыныбымен "I know my ABC", Төлеген А.М. 3 "В" сыныбымен  "Unit Revision"  атты сайыс сабақтарын өткізді, ал орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Попова Э.Л. 6 " В" сыныбымен тәрбие сағатын көрсетті.
Оқушылар барлық өткізілген сабақтар мен сайыстарға  белсене қатысып, білімдерін шыңдай түсті. Тілдің құдіреті мен маңыздылығын  ойларына түйе білді. Жас ұрпағымыз "Тіл бар жерде, ұлт бар"  екенін бойларына сіңірді деген  үмітіміз  бар.