Мұражайға саяхат » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
06
сентябрь
2022

Мұражайға саяхат

Тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік іс-шара аясында лицейіміздің 11 «А» сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Г.А. Кайыповамен ұлт ұстазының мұражайына, ескерткішіне, саябағына барып, сырттай саяхат сабағын өтті. Педагог- ғалымның мұражай-үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынұлы 1934 жылдан бастап тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-домбұрынғы қалпына келтірілген. 
    Оқушылар сабақ аясында ұлы ағартушы туралы көптеген мәліметтермен таныса отырып, ғалымның  ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сабақта ұлы ағартушының өмірбаяны, білім жолында жүріп жазған еңбектері,  халық-ағарту жолында  жасаған игі істері туралы өз ойларын айтып, пікір бөлісті. Пікір алмасу барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен қанатты сөздері  қазіргі таңда да өте өзекті екенін алға тартты.
 Ұлт ұстазының  «Білімнің бас құралы-кітап», «Басқадан кем болмас үшін - білімді һәм күшті болу керек» деген қанатты сөздері бүгінгі сабақтың қағидасы  болды.      



Похожие публикации:

30 апрель 2020 педагог-ағартушы
11 январь 2020 Дөңгелек үстел
26 сентябрь 2019 Абай туралы