Жылдамдық пен дәлдік: 5-сыныптар арасындағы Dodgeball турнирі
Бүгін, 5 наурыз күні Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде бесінші сынып оқушылары арасында Dodgeball ойыны бойынша мықтылар анықталды.
«Алматы BALA FEST» қалалық ауқымды фестивалі аясында мектебімізде Open Air Sport бағыты бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ бесінші сынып оқушыларының жеңіске деген жігері анық байқалды. Жанкүйерлер өз сыныптастарын белсенді қолдап, үлкен спорттық жарыстың ерекше атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар тамаша дене дайындығын көрсетіп, доптардан шапшаң жалтарып, дәл қарсы лақтырулар жасады.
Тартысты әрі әділ өткен ойындар сериясының нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
🥇 I орын — 5 «В» сыныбы (мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары)
🥈 II орын — 5 «Б» сыныбы
🥉 III орын — 5 «Г» сыныбы
Алда — аудандық кезең!
Мектепішілік турнир қалалық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі болды. Өткен ойындардың қорытындысы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мектептің құрама командасын жасақтайды. Оның құрамына алаңда ерекше көзге түскен үздік ойыншылар енеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Мектеп құрамасына нәтижелі жаттығулар мен алдағы жарыстарда тек жеңіс тілейміз! 🏆🏐





