Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар және инжиниринг бойынша 3-ші халықаралық байқаудың қорытындысы
13
сәуір
2024

Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар және инжиниринг бойынша 3-ші халықаралық байқаудың қорытындысы

2024 жылғы 10–12 сәуір күндері М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі үшін ерекше әрі тарихи сәттерге айналды. Осы күндері білім ордамыздың алты командасы халықаралық деңгейдегі беделді ғылыми сайыс – 3-ші Халықаралық «Kazakhstan Smart Space» байқауының финалына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен тынымсыз еңбектеніп, зерттеулер мен тәжірибелер жүргізген оқушылар өз әлеуетін толық көрсете білді. Мектеп командаларының осындай ауқымды әрі мәртебелі жарысқа қатысуы – №28 мектеп-лицейінің ғылыми-техникалық бағытта жоғары сапалы білім беретінін, әрі оның халықаралық деңгейде мойындалғанының айғағы.

Айрықша атап өту керек, 10-сынып оқушысы Сүлеймен Аджи бастаған команда байқауда бірінші орынды иеленіп, 30 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Олардың жобасы сарапшылар тарапынан ең үздік жоба деп танылды, бұл оқушылардың шығармашылық ойлау мен жоғары дайындық деңгейінің дәлелі болды.

Сонымен қатар, 8-сынып оқушысы Гарькавец Андрей капитандық еткен команда да байқауда екінші орынға ие болып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жетістік жас қатысушылардың табандылығы мен дарынының нәтижесі екені сөзсіз.

«Kazakhstan Smart Space» байқауындағы бұл табыс – жас ғалымдар мен инженерлеріміздің үлкен жетістіктерге бастар алғашқы қадамы ғана. Олар алдағы уақытта да зерттеулерін жалғастырып, Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің ғарыштық технология мен техника саласындағы дамуына өз үлестерін қоса береді.

10-12 апреля 2024 года стали знаковыми днями для школы-лицея №28 имени М. Маметовой, когда шесть команд этого учебного заведения приняли участие в финале 3-го Международного конкурса по космическим технологиям и технике Kazakhstan Smart Space. Под руководством опытных наставников и с упорным трудом каждая из команд проявила свой потенциал и достигла впечатляющих результатов. Участие школьных команд в таком престижном мероприятии как Kazakhstan Smart Space стало для школы-лицея №28 источником гордости и вдохновения. Это подтверждение того, что образование в этом учебном заведении не только отличается высоким качеством, но и признается на международном уровне. Команда под руководством капитана Сулеймена Аджи из 10 классов школы-лицея №28 произвела настоящий фурор на конкурсе, заняв первое место и получив сертификат на 30000 тенге. Их проект был признан экспертами наилучшим, что подтверждает высокий уровень подготовки и творческого мышления учеников. Второе место в конкурсе заняла команда, капитаном которой был Гарькавец Андрей из 8 классов. Их работа была также отмечена жюри конкурса, что подчеркивает талант и усердие учеников школы-лицея №28. Успех команд на конкурсе Kazakhstan Smart Space — это лишь начало их пути к большим научным и техническим достижениям. Эти молодые ученые и инженеры будут продолжать свои исследования и эксперименты, внося свой вклад в развитие космической технологии и техники в Казахстане и за его пределами.