Ребенок идет в школу...
Таңғажайып мамандық – мұғалім
Әр жолы бірінші сыныпты қабылдай отырып, мұғалімдер қатты толқиды – қандай болар екен жаңа оқушылар? Бірақ олар бұдан да үлкен толқумен болашақ ата-аналармен кездесуді күтеді.
2022 жылдың 26 тамызы күні, жаңа оқу жылының қарсаңында М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 1-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті:
1 «А» сыныбы – сынып жетекшісі Жүкенова Аягүл Жұмашқызы;
1 «Б» сыныбы – сынып жетекшісі Мәметтухтиева Зарина Ялқынқызы;
1 «Г» сыныбы – сынып жетекшісі Краузе Ирина Георгиевна.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды алғашқы мұғаліммен және бір-бірімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінде мектептің талаптарымен таныстыру, отбасына баланы 1-сыныпқа бейімдеуге көмектесу, ата-аналарға анкета жүргізу арқылы отбасы мен баланы жақын тануға мүмкіндік жасау.
Кездесу барысында талқыланған негізгі мәселелер:
Бес күндік оқу аптасы;
Үй тапсырмасының ең аз көлемде берілуі және оны міндетті түрде орындау қажеттігі;
Бағалаусыз оқу жүйесі (1-сыныпта);
Сабақ пен қоңырау кестесі;
Қыркүйек айындағы бейімделу кезеңі (сабақ ұзақтығы – 35 минут);
Оқушыларды партаға отырғызу – медициналық көрсеткіштерге және мұғалімнің шешіміне сәйкес;
Мектепке қауіпсіз жол сызбасы (балаңызбен үйден мектепке дейінгі жолды бірге жүріп өту);
Мектеп асханасындағы таңғы ас ұйымдастырылуы және асхананың жұмыс тәртібі.
Бұдан былай біз – бір үлкен «МЕКТЕП» атты кеменің ұжымы боламыз.
Бірге қуанамыз, қиындықтарды еңсереміз, есейеміз және үйренеміз. Әдетте, балалармен бірге олардың анасы мен әкесі, әжесі мен атасы да үйренеді. Өз оқушыларымен бірге мұғалімдер де үйренеді.
Біз сенеміз – ұжымымыз тату, ұйымшыл болады. Себебі өмір жолында бірге жүрген оңайырақ!






