ҚММ "М. Маметова атындағы мектеп лицейі" асханасы /Столовая КГУ "школы-лицей им.М.Маметовой"
Мектеп асханасындағы тамақтандыру 2022 жылы өткен байқаудың жеңімпазы болып танылған «Любинтон» ЖК арқылы ұйымдастырылған.
Мектепте 78 орындық асхана залы және 20 орындық буфет бейімделген ғимаратта орналасқан. Барлығы 482 оқушы нақты тамақтанады.
Олардың ішінде:
1 ауысымда – 245 оқушы
2 ауысымда – 239 оқушы
Асхана, буфет және асхана залы қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Қолда бар жабдықтар тағамның барлық пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, сапалы тамақтануды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мектеп асханасы екі ауысымға есептелген қажетті ыдыс-аяқпен толық қамтамасыз етілген.
Ыдыс-аяқ, аспаздық құрал-жабдықтар, үстелдер мен өзге де жабдықтарды жуу және дезинфекциялау барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізіледі.
Тамақ сапасын бақылау мақсатында «Тамақтану сапасын мониторингілеу комиссиясын құру туралы» бұйрық шығарылды. Комиссия құрамына кіргендер:
Медетбекова А.Т. – комиссия төрайымы, М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей директоры;
Жарқымбекова А.Т. – мектеп-лицейдің медицина қызметкері;
Сейдуллаева С.А. – комиссия төрағасының орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары;
Мухаметқалиева С.А. – комиссия төрағасының орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары;
Мәсімақын С.А. – әлеуметтік педагог;
Любинтон В.Н. – өндіріс меңгерушісі;
Тапбергенова А.С. – Қамқоршылық кеңесінің өкілі;
Котова О.В. – ата-аналар комитетінің өкілі;
Яковлева А.В. – ата-аналар қоғамдастығының өкілі.
Медбике күнделікті дайын тағамдарға бракераж жүргізіп, органолептикалық бағасын және дайындық дәрежесін анықтайды. Тағамның дәмі, иісі, консистенциясы әрдайым нормаға сәйкес келеді. Бұл туралы бракераж журналында тағамдардың шығымы мен бекітілген мәзірге сәйкестігі бойынша жазбалар жүргізіледі. Асхана қызметкерлерін жұмысқа жіберу рәсімі де күнделікті жүргізіледі (медбике тарапынан іріңді тері аурулары, ЖРВИ, ангина және басқа да жұқпалы ауруларға тексеру жүргізіліп, арнайы журналға тіркеледі).
Ақылы тамақтануды ұйымдастыру үшін арнайы мәзір бар. Буфет өнімдері сапалы және әрқашан жаңадан дайындалады, бұл көрсеткіштерді күнделікті комиссия бақылайды.
Бүгінгі таңда мектепте 1238 оқушы оқиды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 12 оқушы (1 – қамқорлықтағы, 11 – аз қамтылған) «Всеобуч» қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Мектеп асханасының жұмысын жария ету мақсатында мектеп сайтында арнайы "Тамақтану" айдары ашылған. Күн сайын 3 түрлі мәзір (ұйымдастырылған кешенді ыстық тамақ – 800 тг, бақылау тағамы – жекелеген санаттар үшін және жалпы мәзір) мектеп сайтына және Kundelik платформасына жарияланады. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар мен ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізіледі.
Комиссия ай сайын мектеп асханасын тексеру нәтижелері бойынша актілер мен анықтамалар жасап, оларды мектеп сайтында жариялайды.
Мектеп асханасындағы тамақтануды ұйымдастыру келесі міндеттерді толық орындайды:
оқушылардың денсаулығын сақтау;
құнарлы, сапалы, калориясы есептелген және теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
тамақтану мәдениетін және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Питание в столовой организовано ИП «Любинтон», который является победителем конкурса в 2022 году.
В школе обеденный зал на 78 посадочных мест, буфет на 20 посадочных мест, расположены в приспособленном помещении. Всего 482 учащихся фактически питаются.
Из них:
1 смена: 245 человек
2 смена: 239 человек
Столовая, буфет и обеденный зал оснащены необходимым оборудованием. Имеющееся оборудование позволяет организовать питание с сохранением всех питательных свойств. Школьная столовая полностью укомплектована необходимой посудой с учетом двух смен.
Мытье и дезинфекция посуды, кухонного инвентаря, столов и иного оборудования производятся с соблюдением всех норм санитарно-гигиенического режима.
Для контроля за качеством питания был издан приказ «О создании комиссии по мониторингу качества питания». В состав комиссии вошли:
Медетбекова А.Т. - председатель комиссии, директор КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»;
Жарқымбекова А.Т – медицинский работник школы-лицея;
Сейдуллаева С.А– заместитель председателя комиссии, заместитель директора по ВР;
Мухаметқалиева С.А - заместитель председателя комиссии, заместитель директора по ВР;Мәсімақын С.А – социальный педагог;
Любинтон В.Н.- заведующий производством;
Тапбергенова А.С. - представитель Попечительского совета;
Котова О. В – представитель родительского комитета;
Яковлева А.В – представитель родительской общественности;
Ежедневно медсестра снимает бракераж готовых блюд, дает органолептическую оценку и степень готовности готовых блюд и кулинарных изделий: вкус, запах, консистенция всегда соответствовали норме. О чем делались записи в бракеражном журнале выход блюд и их соответствие утвержденному меню. Проводится допуск персонала столовой к работе (м/сестрой ежедневно проводился осмотр персонала на гнойничковые заболевания кожи, наличие ОРВИ и ангины, и т.д с соответствующей записью в журнале допуска персонала к работе)
Для организации платного питания имеется меню. Буфетная продукция качественная и всегда свежеприготовленная, за эти ежедневно следит комиссия.
На сегодняшний день в школе учатся 1238 учащихся. Горячим питанием из социально-незащищённых семей за счёт фонда Всеобуча охвачены 12 учащихся (1 опекаемый, 11 малообеспеченных).
Для освещения работы школьной столовой на сайте школы открыта рубрика питание. 3 вида ежедневного меню (организованное-комплексное горячее питание 800 тг., контрольное блюдо – для отдельных категорий и общее меню) публикуются на двух платформах: школьный сайт, кунделик.Так же проводятся классные часы, посвященные здоровому питанию, и анкетирования среди учащихся и родителей.
Ежемесячно комиссия составляет акт, справки по итогам проверки школьной столовой, публикует результаты проверки на школьном сайте.
Организация питания в школьной столовой в достаточной мере обеспечивает:
- сохранение здоровья учеников.
- полноценное качественное горячее питание, с учетом калорийности и сбалансированности питания,
- формирует культуру питания и навыки самообслуживания.
По всем вопросам можете звонить или писать по данному номеру:+77762190175.




