Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясының таныстырылымы өтті./В рамках профориентационной работы состоялась презентация Академии МВД Республики Казахстан для учащихся 11-х
11
ақпан
2026

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясының таныстырылымы өтті./В рамках профориентационной работы состоялась презентация Академии МВД Республики Казахстан для учащихся 11-х

2026 жылғы 11 ақпанда М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясының таныстырылымы өтті.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері Академияға түсу тәртібі, оқу шарттары, құқық қорғау органдарындағы қызметтің артықшылықтары және кәсіби өсу перспективалары туралы кеңінен мәлімет берді.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмысы, сталкинг және дропперлік сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Мамандар құқыққа қарсы әрекеттерге қатысудың құқықтық салдарын түсіндіріп, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Сонымен қатар, қызметкерлер оқушыларды құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға, ішкі істер органдарымен ынтымақтастықтан қорықпауға және белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Өздерінің және өзге тұлғалардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтыны ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында мектеп оқушыларына күндізгі және түнгі профилактикалық рейдтердің жүргізілетіні және заңнаманы сақтаудың маңыздылығы туралы еске салынды.


11 февраля 2026 года в КГУ «Школа-лицей №28 имени М. Маметовой» в рамках профориентационной работы состоялась презентация Академии МВД Республики Казахстан для учащихся 11-х классов.
В ходе встречи сотрудники органов внутренних дел подробно рассказали о порядке поступления в Академию, условиях обучения, преимуществах службы в правоохранительных органах и перспективах профессионального роста.
Особое внимание было уделено вопросам профилактики правонарушений среди подростков. Были затронуты актуальные темы, такие как наркопреступность среди несовершеннолетних, сталкинг и дроперство. Специалисты разъяснили правовые последствия участия в противоправной деятельности и напомнили об ответственности за подобные действия.
Сотрудники также призвали учащихся не оставаться равнодушными к правонарушениям, не бояться сотрудничества с органами внутренних дел, проявлять активную гражданскую позицию. Отдельно было подчеркнуто, что нельзя передавать свои персональные данные и данные других лиц третьим лицам.В завершение встречи школьникам напомнили о проводимых дневных и ночных профилактических рейдах и важности соблюдения законодательства.