Балалардың жетістіктері/Достижения учеников
М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 4-сынып оқушылары арасында «Күлкілі старттар. Ғылым күні. Үміт старттары» атты спорттық жарыстар сәтті өтті. Іс-шара түркі әлемінің ұлы ғалымы Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына арналды. Бұл күн шынайы қозғалыс мерекесіне, командалық рух пен көңілді сайысқа айналды. Эстафеталық жарыстар, қызықты тапсырмалар мен тартысты бәсеке оқушыларды біріктіріп, баршаны жағымды эмоцияға бөледі. Спорттық сайыстармен қатар, балалар Махмұд Қашқаридың ғылымға, тіл мен