№28 мектеп-лицейінің оқушылары «Ai Cup» олимпиадасында тамаша нәтижелерге қол жеткізді
Біз өзіміздің таланттарымызбен мақтанамыз! М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары «Айплюс» білім беру орталығы мен «Алматы дарыны» орталығы бірлесіп ұйымдастырған математика және Қазақстан тарихы бойынша қалалық престижді «Ai Cup» олимпиадасына белсенді қатысып, білімдерінің жоғары деңгейін және жеңіске деген ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Интеллектуалды сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленгендер: Бармагамбетова Лейла — құрметті 2 орын, Бекетова Алуа — лайықты 3 орын. Жеңімпаздарды қалалық деңгейдегі осы маңызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктерде тоқтап қалмай, жаңа биіктерге ұмтылуды және ғылым әлемінде жаңа мүмкіндіктер ашуды тілейміз. Сіздер — біздің мақтанышымыз және үлгі-өнегеміз!
Оқушылардың сапалы дайындығы мен жас зерттеушілерге көрсетілген қолдау үшін пән мұғалімдері Берлибаева А.Е., Маталипова Н.С. және Есмағамбетов К.С.-ке алғысымызды білдіреміз.





