Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика және информатика пәндік онкүндігі аясындағы «Барлығын білгім келеді» зияткерлік викторинасы
14
қаңтар
2026

Математика және информатика пәндік онкүндігі аясындағы «Барлығын білгім келеді» зияткерлік викторинасы

М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде математика және информатика пәндік онкүндігі аясында үлкен үзіліс кезінде «Барлығын білгім келеді» атты қызықты зияткерлік викторина өтті. Іс-шараның бастамашысы әрі жүргізушісі математика пәнінің мұғалімі, математика және информатика кафедрасының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Пулатова Г.А. болды. Ол викторинаны 9 «Б» сынып оқушыларымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы ұйымдастырушылар қарапайым үзілісті түрлі параллель сыныптардың көптеген оқушыларының назарын аударған серпінді сайысқа айналдырды. Викторина мазмұны әртүрлі сұрақтар топтамасын қамтыды: дәстүрлі логикалық есептер мен ребустардан бастап ақпараттық технологиялар тарихынан алынған қызықты деректер мен ұлы ғалымдардың өмірбаяндарына дейін.

Интерактивті формат қатысушыларға өз жауаптарының нәтижесін бірден көруге мүмкіндік беріп, салауатты бәсекелестік пен белсенді қатысу атмосферасын қалыптастырды. 9-сынып оқушылары байқауды өткізуге көмектесіп қана қоймай, тақта алдында қатарластарына күрделі тұстарды түсіндіріп, тәлімгер рөлін де атқарды. Аталған іс-шара математика мен информатиканың қызықты әрі қолжетімді пәндер екенін, ал мектептегі цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың пайдалы бос уақытын ұйымдастыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқын көрсетті.


В рамках предметной декады математики и информатики в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой прошла увлекательная интеллектуальная викторина «Хочу все знать», организованная на большой перемене. Инициатором и ведущим мероприятия выступила учитель математики и руководитель методического объединения кафедры математики и информатики Пулатова Г.А. совместно с учащимися 9 «Б» класса. Используя возможности интерактивной доски, организаторы превратили обычный перерыв в динамичное соревнование, которое привлекло внимание большого количества школьников разных параллелей. Викторина включала в себя калейдоскоп вопросов: от классических логических задач и ребусов до интересных фактов из истории информационных технологий и биографий великих ученых. Интерактивный формат позволил участникам мгновенно видеть результаты своих ответов, что создало атмосферу здорового азарта и вовлеченности. Девятиклассники не только помогали в проведении конкурса, но и выступали в роли наставников, объясняя сверстникам сложные моменты прямо у доски. Мероприятие наглядно продемонстрировало, что математика и информатика могут быть захватывающими и доступными, а использование цифровых технологий в школе открывает новые горизонты для полезного досуга учащихся.