Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ежелгі Қазақстан тарихы: танымға алғашқы қадамдар» элективтік авторлық бағдарламасының сараптамадан өтуі
05
желтоқсан
2025

«Ежелгі Қазақстан тарихы: танымға алғашқы қадамдар» элективтік авторлық бағдарламасының сараптамадан өтуі

 

2025 жылдың 5 желтоқсанында біздің мектептің директоры – Медетбекова Айсулу Темірғалиевна «Ежелгі Қазақстан тарихы: танымға алғашқы қадамдар» атты элективтік авторлық бағдарламасының сараптамасынан сәтті өтіп, Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының куәлігін алды.

Бұл курс 2025 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Пенсильвания штатында өткен «Инклюзивті білім беру және STEM-технологиялар» тақырыбындағы Алматы мектеп директорларының тағылымдамасы барысында алынған кәсіби даму мен халықаралық тәжірибе нәтижесінде жасалды.

Электив Қазақстанның ежелгі тарихын тереңірек зерттеуге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Біз өз тәжірибемізбен және осы бағдарламамен қаламыздың мектептерімен бөлісуге қуаныштымыз, ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз.

5 декабря 2025 года директор нашей школы – Медетбекова Айсулу Темиргалиевна, успешно прошла экспертизу авторской программы элективного курса «История древнего Казахстана: Первые шаги к познанию» и получила свидетельство Городского научно-методического центра новых технологий в образовании. Этот курс был создан как результат профессионального развития и международного опыта, полученного во время стажировки директоров школ Алматы в мае 2025 года, в штате Пенсильвания (США) по теме «Инклюзивное образование и STEM-технологии». Электив направлен на углублённое изучение древней истории Казахстана и формирование исследовательских навыков у учащихся с особыми образовательными потребностями. Мы рады поделится со школами города своим опытом и программой, будем рады сотрудничеству.