Балалардың жетістіктері/Достижения учеников
ҚММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» 1«В», 1«Б», 1«Г», 3«Б», 3«В», 3«Г» және 4«В» сынып оқушыларының қатысуымен қыш құмыра жасау сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар саз балшықтан құмыралар мен түрлі бұйымдарды жасап, бұл материалмен жұмыс істеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Мұндай сабақтар оқушылардың кеңістіктік ойлауын және құрастыру қабілеттерін дамытып, олардың шығармашылық әлеуетін кеңейтті. Сазбен жұмыс істеу балалардың жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік беріп, бұл өз кезегінде олардың оқуына, шығармашылығына және қатарластарымен қарым-қатынас жасауына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қыш құмырашылықпен айналысу тактильдік сезімді, ұсақ моториканы, пішін мен көлемді сезіну қабілетін дамытып, ежелгі өнер түріне жақындауға жол ашты.
В КГУ «Школа-лицей №28 им. М.Маметовой» прошли уроки по гончарному мастерству, в которых приняли участие учащиеся 1«В», 1«Б», 1«Г», 3«Б», 3«В», 3«Г» и 4«В» классов. На занятиях дети лепили из глины кувшины и разнообразные изделия, осваивая различные техники работы с этим материалом.
Такие уроки способствовали развитию пространственного воображения и конструкторских способностей учащихся, расширяя их творческие возможности. Работа с глиной позволила детям открыть в себе индивидуальность, что помогает им в учебе, творчестве и общении со сверстниками. Кроме того, занятия гончарным мастерством прекрасно развивали тактильные ощущения, мелкую моторику, чувство формы и объема, а также дали возможность приобщиться к древнейшему виду искусства.

