Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
13
желтоқсан
2024

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

13 желтоқсан күні ҚММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны мектептің өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Бұл мерекеге оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар жиналып, ел үшін маңызды күннің мәнін бірге атап өтті.

Мерекелік шарада мектеп директоры Медетбекова А.Т. құттықтау сөз сөйледі:
«…Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — бұл еліміздің еркіндігі мен дербестігін ғана емес, бірлігімізді, ынтымағымызды және жарқын болашаққа ұмтылысымызды білдіретін ерекше күн. Әрқайсымыз білеміз: Тәуелсіздік — ата-бабаларымыздың көп жылдық күресі мен ерлігінің, төзімділігінің жемісі. Біз олардың есімін ұмытпай, құрметтеп, есте сақтауымыз керек. Себебі дәл солар бізге еркін елде өмір сүру, өз қабілетімізді дамыту және тағдырымызды өз қолымызбен құру мүмкіндігін сыйлады. Қымбатты оқушылар, сендер — біздің болашағымызсыңдар. Сендердің жігерлерің, идеяларың мен армандарың — елімізді алға бастыратыны анық. Білімге ұмтылыңдар, таланттарыңды дамытыңдар және батыл мақсаттар қойудан қорықпаңдар. Болашақтың қандай болатыны — сендерге байланысты. Құтты болсын мереке! Қазақстанды жайлы, қауіпсіз және өркендеген ел ету үшін бірге еңбек етейік!…»

Концерттік бағдарламада Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін өлеңдер, музыкалық және би қойылымдары орындалды. Бұл концерт тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз отанына деген сүйіспеншілігін және тарихына деген құрметін білдіруге мүмкіндік берген ерекше сәт болды.


13 декабря в КГУ "Школа-лицей №28 им. М.Маметовой" прошел праздничный концерт, посвященный Дню Независимости Республики Казахстан, подготовленный школьным самоуправлением. Мероприятие собрало учащихся, учителей и родителей, которые пришли отметить значимость этого дня для страны. С поздравлением выступила директор школы – Медетбекова А.Т. «…День Независимости Республики Казахстан символизирует не только свободу и независимость нашей страны, но и единство, сплоченность и стремление к светлому будущему. Каждый из нас знает, что независимость — это результат многолетней борьбы наших предков, их мужества и стойкости. Мы должны помнить и чтить их память, ведь именно они подарили нам возможность жить в свободной стране, развивать свои таланты и строить свою судьбу. Дорогие учащиеся, вы — наше будущее. Ваша энергия, ваши идеи и ваши мечты — это то, что будет двигать нашу страну вперед. Я призываю вас стремиться к знаниям, развивать свои таланты и не бояться ставить перед собой амбициозные цели, вас зависит, каким будет наше будущее. Давайте вместе будем строить Казахстан, в котором будет комфортно и безопасно жить, учиться и работать. С праздником вас, коллеги! Пусть мир, согласие и процветание всегда будут с нами!…». В концертной программе прозвучали стихи, музыкальные и танцевальные  номера, отражающие богатую культуру и традиции Казахстана. Концерт стал не только праздником, но и возможностью для учащихся выразить свою любовь к родине и уважение к ее истории.