22
қараша
2024
АИТВ және ЖИТС тақырыбында психологтың профилактикалық дәрісі/Профилактическая беседа психолога на тему ВИЧ и СПИД
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті. Кездесу тақырыбы — АИТВ және ЖИТС, шара №1 қалалық емханасының психологының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар алдын алу шаралары, қорғану әдістері және денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері туралы ақпарат алды. Психолог қоғамдағы жауапкершілік пен ақпараттанудың маңыздылығын атап өтіп, АИТВ-инфекциясына қатысты кең тараған мифтерді жоққа шығарды.
Мұндай тақырыптар жастардың дұрыс құндылықтары мен ұстанымдарын қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға және қауіпті аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Белсенділік танытқан және зейін қойған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
В КГУ «школа-лицей 28 им.М.Маметовой» прошла важная встреча для учащихся 10-11 классов на тему ВИЧ и СПИД, организованная под руководством психолога №1 поликлиники.
В ходе мероприятия ребята узнали о профилактике, методах защиты и о том, как важно быть информированными по вопросам здоровья и безопасности. Психолог подчеркнул значимость осведомленности и ответственности в нашем обществе, а также развенчал мифы, связанные с ВИЧ-инфекцией.
Такие темы помогают формировать у молодежи правильные установки и ценности, способствуют укреплению здоровья и защите от опасных заболеваний. Спасибо всем участникам за активность и внимание! 💡


