Талантты актер Ерден Губашевпен кездесу/Встреча с талантливым актером Еркеном Губашевым
2024 жылғы 22 қарашада КГУ «М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» 4 «Г» сынып оқушылары үшін талантты актер Еркен Губашевпен керемет кездесу өтті. Бұл кездесу балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Танымал фильмдер мен тележобаларға түскен танымал тұлғамен жүздесу мүмкіндігі оқушылар үшін нағыз сыйлық болды.
Актер оқушыларға өзінің шығармашылық жолы, өнер жолындағы кездесетін қиындықтар туралы айтып, әр адамның өз арманына сенуі мен сол үшін талпынуы қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, түсірілім алаңындағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, шынайы кастингтердің қалай өтетінін баяндады.
Балалар қызығушылықпен сұрақтар қойып, Еркен ағай оларға қуана жауап беріп, креативті болу, өнермен айналысу және жаңадан қорықпай, өзіңді дамыту қажеттілігі жайлы айтты.
Сонымен қатар, актер оқушыларға шағын импровизациялық ойындарға қатысуды ұсынды. Бұл ойындарда балалар өздерінің актерлік тапқырлықтарын, қиялдарын көрсете алды. Кездесу жарқын эмоциялар сыйлап қана қоймай, балаларға өз таланттарын дамытуға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыт берді.
Мұндай кездесулер балалардың өміріндегі шынайы қаһармандармен жүздесуге, сенімділікке ие болуға және өз армандарына сенуге үлкен әсер етеді.
22 ноября 2024 года в КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой» состоялась замечательная встреча с талантливым актером Еркеном Губашевым, которая оставила незабываемые впечатления у учащихся 4г класса. Дети с нетерпением ждали этого события, ведь возможность встретиться с известным человеком, который снялся в популярных фильмах и телепроектах, была для них настоящим подарком.
Актер рассказал школьникам о своей карьере, трудностях, с которыми сталкивается каждый человек, выбравший путь в искусстве, и о том, как важно верить в себя и свои мечты. Он поделился интересными историями со съемочных площадок и рассказал, как проходят настоящие кастинги.
Дети с увлечением задавали вопросы, и Еркен отвечал на них с большой радостью, рассказывая, как важно развивать свою креативность, заниматься творчеством и не бояться пробовать что-то новое.
Кроме того, актер предложил школьникам поучаствовать в небольших импровизационных играх, где дети смогли проявить свою актерскую смекалку и креативность. В итоге, встреча не только оставила яркие эмоции, но и вдохновила ребят на дальнейшее развитие своих талантов и стремление к новым достижениям.
Такие встречи помогают детям не только увидеть реальных героев и кумиров, но и обрести уверенность в своих силах.

