«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» және «Ата-аналар академиясы»/Центр Педагогической поддержки родителей» и «Родительской Академии»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институтының» тапсырмасы бойынша КММ М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» және «Ата-аналар академиясы» ұйымдастырылды.
Аталған жобалардың мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимылға жағдай жасау. Орта білім беру ұйымдарында ата-аналармен жүйелі түрде әңгімелер, дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізіліп келеді.
Сондай-ақ осы айда жоспарға сәйкес дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Барлық даналықтың негізі – сабыр». Дөңгелек үстел барысында отбасында қолайлы ахуал қалыптастыру, бала тәрбиесінде сабырлықты қалай дұрыс көрсету, сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, отбасылық тәрбие әдістері, позитивті ата-аналықтың қағидаттары мен ережелері, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мәселелері талқыланды.
Осы ата-аналар жиналысына қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз және сіздерді бізбен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға шақырамыз. Бірлесе отырып, балаларымыз үшін ең жақсы жағдай жасап, олардың бақытты әрі табысты тұлға болып қалыптасуына көмектесе аламыз.
По поручению Министерство Просвещения Республики Казахстан и «Национального института гармоничного развития человека», в КГУ школе-лицей №28 им. М.Маметовой было организовано «Центр Педагогической поддержки родителей» и «Родительской Академии». Целью данных проектов является обеспечение условий для эффективного взаимодействия между государственными организациями среднего образования и родителями в обеспечении благополучия детей. В организациях среднего образования систематически проводятся беседы, круглые столы и встречи с родителями. Также в этом месяце по плану был проведен круглый стол. Тема круглого стола «Основа всякой мудрости – есть терпение». На круглом столе обсуждались вопросы создания благоприятного климата в семье, как лучше проявлять терпение в воспитании ребенка, важности доверительных взаимоотношений, методов семейного воспитания, принципов и правил позитивного родительства, приёмов самовоспитания. Мы благодарим всех родителей, принявших участие в этом родительском собрании, и призываем Вас продолжать активно взаимодействовать с нами. Вместе мы сможем создать лучшие условия для наших детей и помочь им стать счастливыми и успешными людьми.

