Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ермұхан Бекмаханов туралы естеліктер»./"Воспоминания о Ермухане Бекмаханове".
29
мамыр
2021

«Ермұхан Бекмаханов туралы естеліктер»./"Воспоминания о Ермухане Бекмаханове".

Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай, мектептің тәрбие бөлімі гуманитарлық көмек көрсетіп, қазақ совет тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмахановтың жары Халима Адамовнаға азық-түлік себетін тарту етті.
Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40-жылдары» атты еңбегінде Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс қозғалысына арналған ғылыми қорытындысы оның қуғынға ұшырауына, қамауға алынып, 25 жылға сотталуына себеп болды. «Правда» газетінің мақаласында автор «буржуазиялық ұлттықшылдық» айыбымен айыпталды. 1954 жылғы ақпанда Ермұхан Бекмаханов бостандыққа шығарылып, толықтай реабилитацияланды.
Халима Адамовна – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ардагер қызметкері, қазақ мектептерінде орыс тілі пәні бойынша оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. Халима Адамовна күйеуі туралы, оның тағдыры мен қуғын-сүргін жылдары туралы әңгімеледі. Күйеуінің естелігі ретінде Халима Адамовна мектебімізге «Ермұхан Бекмаханов туралы естеліктер» атты кітабын сыйлады.


В преддверии Дня памяти жертв политических репрессий, воспитательный отдел школы оказал гуманитарную помощь в виде продовольственной корзины, вдове Ермухана Бекмаханова - казахского советского историка, доктора исторических наук, профессора, член-корреспондента АН Казахской ССР - Халиме Адамовне.
Научный вывод, сделанный Ермуханом Бекмахановым в книге «Казахстан в 20-е и 40-е годы XIX века», в ее части, посвященной движению под предводительством Кенесары Касымова, стал причиной опалы, которая привела к его аресту и приговору – 25 лет тюрьмы. В статье  газеты «Правда», автор был обвинён в «буржуазном национализме». В феврале 1954 года Ермухан Бекмаханов был освобожден и реабилитирован.
Халима Адамовна старейший работник системы образования Республики Казахстан, автор учебников и методических пособий по русскому языку в казахской школе. Халима Адамовна рассказала о своём супруге, о его судьбе и годах, который он пробыл в репрессии. В память о своём супруге, нашей школе Халима Адамовна подарила книгу "Воспоминания о Ермухане Бекмаханове".