Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап – еңбектегі біздің көмекшіміз»/«Книга – наш помощник в труде»
20
наурыз
2021

«Кітап – еңбектегі біздің көмекшіміз»/«Книга – наш помощник в труде»

Алматы қаласы Білім басқармасының «Қазақстан балалары көктемді шақырады» атты Наурыз мерекесін атап өту жоспарына сәйкес көктемгі демалыс күндері танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 20 наурыз – Даналық пен білім күні (интеллектуалдық білім беру күні) болып белгіленді.
Осы күні балалардың зияткерлік әлеуеті мен ой-өрісін дамыту мақсатында М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Көп оқыған – көп біледі» тақырыбында онлайн іс-шара өткізілді.
Кітап – білім мен даналықтың қайнар көзі екені баршаға мәлім. Педагогтың басты міндеті – өскелең ұрпаққа кітап оқуға деген сүйіспеншілік қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар кітаптың пайда болу тарихымен танысып, бойында қызығушылықты тәрбиелеу және кітапқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Кітаптар бізге көп нәрсе жайлы баяндайды: Отанымыз, оның кең байтақ жері, еңбек адамдары туралы сыр шертеді. «Кітап – еңбектегі біздің көмекшіміз». Болашақта балалар өмір қоятын сұрақтарға жауап таба білуі тиіс. Ал ол жауаптарды қайдан табамыз? Бүгінгі таңда осындай іс-шаралар арқылы оқуға деген сүйіспеншілік қалыптастыра отырып, сол жауаптардың негізі қаланады.
Кітаптар бізге жүректі тебірентер тамаша ертегілерді сыйлайды, беттерінен мәңгі есімізде қалатын қызықты өлеңдер оқылады. Кітап арқылы біз әртүрлі елдердің халқы қалай өмір сүретінін, ғылым мен техниканың ұлы жаңалықтарын, жұлдыздар мен ғаламшарларды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін танимыз. Не істесек те, немен айналыссақ та, бізге әрқашан ақылды әрі сенімді көмекші – кітап қажет.
Халық даналығында: «Кітап – ғасырлар бойы адамды тәрбиелейді» деп бекер айтылмаған. 1–8 сынып оқушылары «Менің сүйікті кітабым», «Менің үй кітапханам» атты фото-көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі қызықты кітаптар қойылып, оқушылар фотосуреттерге шығармашылықпен қарап, өздерінің әдеби талғамдарымен қуана бөлісті.


Согласно плану Управления образования города Алматы празднования Наурыза «Дети Казахстана приглашают весну» в дни весенних каникул, организованы познавательные мероприятия, так 20 марта - День мудрости и знаний (интеллектуального образования).  В этот день, с целью развития интеллектуального потенциала и интеллекта детей,  в школе-лицее № 28 им.М.Маметовой было проведено онлайн мероприятие на тему: "Кто много читает, тот много и знает."  Каждый знает, что  книга - источник знаний и мудрости, задача педагога состоит в привитии подрастающему поколению любви к чтению книг, на мероприятии школьники познакомились  с историей возникновения книги, говорили о том, что важно воспитывать в себе любознательность и  бережно относиться  к книге. Книги рассказывают нам о многом: о нашей Родине, её просторах, о людях труда. «Книга – наш помощник в труде». В будущем, ребята должны знать ответы на вопросы, которые будет им задавать жизнь. Где же найти ответы? Уже сегодня, когда мы проводим такие мероприятия, прививая любовь к чтению, создается база ответов.  Именно книги могут рассказать нам замечательную сказку, от которой  сердце забьется сильнее, с их страниц звучат интересные стихи, которые мы запомним надолго, а может быть и на всю жизнь. Из книг мы узнаем, как живут народы разных стран, узнаем о великих открытиях науки и техники, о звёздах и планетах, о растениях и животных. Что бы мы ни делали, чем бы мы ни занимались, нам всегда нужен умный и верный помощник – книга. Хочется напомнить  народную мудрость, которая гласит: «Испокон века книга растит человека». Учащимися 1-8 классов была организована фотовыставка: «Моя любимая книга»,  «Моя домашняя библиотека», книги представлены разные, интересные, ребята подошли творчески к фотографии и с удовольствием поделились своими литературными предпочтениями.