Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Жеңіс рухы — ұрпақ жадында
08
мамыр
2026

Ұлы Жеңіс рухы — ұрпақ жадында

КММ «Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бүгін мектебіміздің қабырғасында ерекше рух — естелік, алғыс пен отансүйгіштік рухы салтанат құрды. Оқушылар, педагогтер, ардагерлер мен қонақтар бейбіт өмір мен тәуелсіз болашақты сыйлаған батырлардың ерлігін бірге еске алды.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі — мектебіміз мақтанышпен есімін иеленіп отырған Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың қаһармандық ерлігіне арналған «Мәншүктің соңғы шайқасы» театрландырылған қойылымы болды. Жас әртістер қазақ халқының аңызға айналған батыр қызының қайсарлығын, рухының мықтылығын және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін әсерлі жеткізе білді. Қойылым көрермендерді бейжай қалдырмай, Ұлы Жеңістің қандай ауыр бағамен келгенін тағы бір мәрте еске салды.
Іс-шара шынайы бірлік пен рухани үндестікті сездірген ерекше сәтпен аяқталды — ардагерлер, қонақтар, оқушылар мен педагогтер бірге әйгілі «Жеңіс күні» әнін орындады. Сол сәтте ұрпақтар сабақтастығы, тарихқа деген құрмет пен Отанға деген мақтаныш айрықша сезілді.
Біз ұмытпаймыз. Біз мақтан тұтамыз. Біз алғыс айтамыз.

8 мая в КГУ «Школа-лицей №28 им. М. Маметовой» прошло торжественное мероприятие, посвящённое Дню защитника Отечества и 81-ой годовщины Великой Победы.

Сегодня в стенах нашей школы царила особая атмосфера памяти, благодарности и патриотизма. Учащиеся, педагоги, ветераны и гости мероприятия вместе вспомнили подвиг героев, подаривших нам мирное небо и независимое будущее.

Особенно трогательным моментом стала театральная постановка «Последний бой Маншук», посвящённая героическому подвигу Героя Советского Союза Маншук Маметовой, имя которой с гордостью носит наша школа. Юные артисты смогли передать мужество, силу духа и беззаветную любовь к Родине легендарной дочери казахского народа. Постановка никого не оставила равнодушным и стала важным напоминанием о цене Великой Победы.

Завершилось мероприятие по-настоящему объединяющим моментом — ветераны, гости, учащиеся и педагоги вместе исполнили легендарную песню «День Победы». В этот момент особенно чувствовались единство поколений, уважение к истории и гордость за нашу Родину. Мы помним. Мы гордимся. Мы благодарим.