Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептің білім беру кеңістігіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: оқыту мен тәрбиенің бірлігі»
30
желтоқсан
2025

«Мектептің білім беру кеңістігіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: оқыту мен тәрбиенің бірлігі»

2025 жылғы 30 желтоқсанда КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» «Мектептің білім беру кеңістігіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру: оқыту мен тәрбиенің бірлігі» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындылары шығарылды.

Алдыңғы педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуына талдау жасаған мектеп-лицей директоры Медетбекова А.Т. өз баяндамасында IT және STEM бағыттарын дамытуға, функционалдық сауаттылықты арттыруға, білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге, білім сапасын көтеруге және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Мектептегі тәрбие жұмысы жүйесінде «Адал азамат» бағдарламасын іске асырудың қорытындылары мен келешегі туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұрамаева Н.С. баяндады.

Негізгі баяндама бойынша қосымша баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісті:
Павлетенко В.А. (6 «В» сыныбы) — еңбекқорлық, кәсібилік және жасампаз ойлау арқылы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру туралы;
Сағымбекова Р.Е. (9 «Г» сыныбы) — әділеттілік, заңдылық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын орнықтырудағы сынып жетекшісінің рөлі туралы;
Криворучко И.П. (3 «Г» сыныбы) — ұлттық мүдделер, бірлік пен ынтымақ негізінде азаматтық ұстанымды тәрбиелеу туралы баяндады.

I жартыжылдықтағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу нәтижелері туралы педагог-психолог Қожахметова Т.О. сөз сөйледі. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Иванова М.В. I жартыжылдықтағы оқу жетістіктерінің қорытындыларын, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, сондай-ақ педагогтарды аттестаттауға даярлау мәселелерін таныстырды.

1 тоқсанмен салыстырғанда 2 тоқсанда білім сапасының өсімі 2,77%-ды құрап, 64,05%-ға жетті — бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мониторинг барлық сыныптар мен пәндер бойынша жүргізілді. Сондай-ақ кітапхананың I жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары шығарылды.

Педагогикалық кеңес — ашық диалог, тәжірибе алмасу және бірлескен шешім қабылдау үшін маңызды кәсіби алаң. Бұл — оқыту мен тәрбиені, теория мен практиканы, жеке тәжірибе мен ұжымдық жауапкершілікті біріктіретін кәсіби өсу кеңістігі.
Бірге — жаңа жетістіктерге!

30 декабря 2025 года в КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой» состоялся Педагогический совет «Реализация Единой воспитательной программы «Адал азамат» в образовательном пространстве школы: единство обучения и воспитания», на котором были подведены итоги учебно-воспитательной работы за 1 полугодие 2025-2026 учебного года.  С анализом выполнения решений предыдущего педсовета выступила
директор школы-лицея Медетбекова А.Т., особое внимание уделено развитию IT и STEM-направлений, функциональной грамотности, внедрению цифровых технологий и инструментов искусственного интеллекта в образовательный процесс, повышению качества знаний и безопасной образовательной среды. Об итогах и перспективах реализации программы «Адал азамат» в системе воспитательной работы школы рассказала заместитель директора по ВР Сұрамаева Н.С. Содокладчики по основному докладу  поделились своим опытом:  Павлетенко В.А. 6 «В» класс  - о формировании гражданских ценностей через трудолюбие, профессионализм и созидательное мышление;  Сагымбекова Р.Е. 9 «Г» класс - о роли классного руководителя в утверждении принципов справедливости, законности и социальной ответственности; Криворучко И.П. 3 «Г» класс - о воспитании гражданской позиции на основе национальных интересов, единства и солидарности. О результатах психолого-педагогического сопровождения за I полугодие выступила педагог-психолог Кожахметова Т.О. Заместитель директора по УР Иванова М.В. представила итоги учебных достижений за I полугодие и вопросы выполнения государственных программ, а также подготовки педагогов к аттестации. Рост качества знаний за 2 четверть по сравнению с 1 четвертью составил 2,77% и достиг 64,05% — это самый высокий показатель за последние 5 лет. Мониторинг проведён по всем классам и предметам. Так же были подведены итоги работы библиотеки за первое полугодие. Педагогический совет является ключевой профессиональной площадкой для открытого диалога, обмена опытом и совместного принятия решений. Это пространство профессионального роста, где объединяются обучение и воспитание, теория и практика, индивидуальный опыт и коллективная ответственность. Вместе — к новым достижениям!