Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Буллинг тоқта/Стоп буллинг
19
қараша
2025

Буллинг тоқта/Стоп буллинг

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 14 қараша 2025 жылы «Стоп буллинг: достық пен сыйластық үшін бірге» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Оны 6 «В» сыныбынан Павлетенко В.А. және 6 «Г» сыныбынан Бақтыбаева А.О. өткізді.
Оқушылар «достық», «қолдау», «мысқыл», «реніш», «буллинг» ұғымдарын талқылап, мысалдар келтірді. Буллингтің кішкентай мысқылдан басталуы мүмкін екені түсіндірілді. «Эмоциялар бағдаршамы» ойынында балалар түрлі жағдайларды талдап, эмоцияларды анықтады. «Қолдау қолы» жұмысында жылы сөздер жазылған алақандар жасалды.
Соңында оқушылар стикер арқылы өз әсерлерін жазды: «Сөз қатты жаралауы мүмкін», «Ортақ плакат ұнады», «Комплимент көңіл көтереді» сияқты пікірлер айтылды. Іс-шара оқушыларға сыйластық, қолдау және жауапкершілік туралы маңызды түсінік қалыптастырды.


В школе-лицее №28 имени М.Маметовой 14 ноября 2025 года прошло внеклассное мероприятие «Стоп буллинг: вместе за дружбу и уважение». Его провели учителя Павлетенко В.А. (6 «В») и Бактыбаева А.О. (6 «Г»).
Учащиеся обсудили понятия дружбы, поддержки, насмешки и буллинга, разобрали примеры из школьной жизни. В игре «Светофор эмоций» дети определяли эмоции участников ситуаций. В творческой работе «Рука поддержки» ребята писали добрые слова на бумажных ладошках.
В конце мероприятия учащиеся оставили отзывы на стикерах: «Слова могут сильно ранить», «Понравилось делать общий плакат», «Комплимент поднимает настроение». Мероприятие помогло детям глубже понять важность уважения, доброжелательности и ответственности за свои слова и поступки.