Алматы қаласының білім беру жүйесінің өзекті мәселелері туралы
2025 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қаласының білім беру жүйесінің өзекті мәселелері туралы» тақырыбындағы алқа отырысы өтті. Жиын қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтың төрағалығымен, прокуратура, білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, ТЖД өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің, мектеп-интернаттардың және қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті.
Алқа отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру саласындағы қауіпсіздік, білім сапасы және тәрбиелік жұмысқа қатысты ең өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды.
Жиын барысында он негізгі бағыт қаралды:
Білім беру нысандарындағы өрт қауіпсіздігі.
Мектептердің басқарушылық командаларының қызметі.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасы.
Оқушылардың білім сапасын мониторингілеу.
II оқу тоқсанының ұйымдасқан түрде басталуы.
Оқушылардың тәуелсіз тестілеуі.
ҰБТ–2025 қорытындылары.
«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасының жүзеге асырылуы.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды мониторингілеу.
Жасөспірімдердің суицидтік және тәуекелді мінез-құлқының алдын алу.
Әр бағыт бойынша аналитикалық есептер мен бақылау-қадағалау іс-шараларының нәтижелері ұсынылды. Санитарлық нормалардың орындалуына, өрт қауіпсіздігіне, қаржылық тәртіпке және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар заңдылықты, қауіпсіздікті және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ететін ведомстволардың жан-жақты есептерін тыңдады. Білім сапасына сыртқы бағалау, оқу қызметін мониторингілеу, тәрбиелік жұмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу талдаулары ұсынылды.
Бірқатар мектептердің басшылары анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беріп, оларды жою үшін қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар жүйелі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қажет ететін бағыттар белгіленді.
Отырыс қорытындысында қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, тәрбиелік компонентті және оқушылардың азаматтық құндылықтарын қалыптастыруды күшейту қажеттігін атап өтті.
Ол:
«Мемлекет балалардың білім алуына барлық жағдай жасап отыр, сондықтан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардан нақты нәтиже болуы маңызды. Педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан өз жұмысына сын көзбен қарап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді сұраймын», – деп атап өтті.
Басты басымдықтар ретінде заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің тәуекелді мінез-құлқының алдын алу, оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен азаматтық құндылықтарын дамыту айқындалды.
«Адал азамат» бағдарламасын жауапты әрі саналы азаматты қалыптастырудың маңызды құралы ретінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов тәрбиелік процестің тиімділігі отбасы мен мектеп арасындағы тығыз ынтымақтастыққа тікелей байланысты екенін атап өтті:
«Бала отбасында не көрсе, соны бойына сіңіреді. Мектеп өз міндетін орындайды, бірақ ата-ананың орнын баса алмайды. Бірлескен күш-жігер арқылы сауатты, шығармашыл әрі жан-жақты дамыған ұрпақ өсіреміз», – деді ол.
Алқа қорытындысы бойынша төмендегілерді көздейтін резолюция қабылданды:
• білім беру процесінің сапасын арттыруға арналған нақты шаралар;
• ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
• қауіпсіздікті мониторингілеуді жетілдіру;
• тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттыру;
• қала мектептерінде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Алқа отырысынан кейін білім беру ұйымдарының директорлары оқу ісі, тәрбие ісі, бейіндік бағыт, шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарларымен және педагогикалық ұжымдармен кеңейтілген жиналыстар өткізіп, қабылданған шешімдерді талқылап, оларды жүзеге асыру жоспарларын айқындады.
21 ноября 2025 года состоялась коллегия Управления образования города Алматы на тему «Об актуальных вопросах системы образования г. Алматы». Заседание прошло под председательством заместителя акима города Абзала Нукеновича Нукенова с участием представителей прокуратуры, департаментов качества образования, санитарно-эпидемиологического контроля, полиции, ДЧС, руководителей государственных и частных школ, школ-интернатов и организаций дополнительного образования.
Коллегия прошла на высоком уровне и стала важной площадкой для обсуждения самых актуальных вопросов, связанных с безопасностью, качеством образования и воспитательной работой.
В ходе заседания были рассмотрены десять ключевых направлений:
- Противопожарная безопасность образовательных объектов.
- Деятельность управленческих команд школ.
- Качество преподавания государственного языка в русскоязычных школах.
- Мониторинг качества знаний учащихся.
- Организованное начало II учебной четверти.
- Независимое тестирование учащихся.
- Итоги ЕНТ–2025.
- Реализация воспитательной программы «Адал азамат».
- Мониторинг правонарушений среди несовершеннолетних.
- Профилактика суицидального и рискового поведения подростков.
По каждому направлению были представлены аналитические отчёты и результаты контрольно-надзорных мероприятий. Особое внимание уделено выполнению санитарных норм, обеспечению пожарной безопасности, финансовой дисциплине и прозрачности проводимых государственных закупок.
Участники заслушали подробные доклады ведомств, отвечающих за законность, безопасность и качество образовательного процесса. Предоставлены результаты внешней оценки качества образования, мониторингов учебной деятельности, анализа воспитательной работы и профилактики правонарушений.
Руководители ряда школ представили пояснения по выявленным нарушениям и доложили о мерах, предпринятых для их устранения. Обозначены направления, требующие системного межведомственного взаимодействия.
Подводя итоги заседания, заместитель акима Абзал Нукенович Нукенов подчеркнул, что, несмотря на существующие достижения, необходимо усилить воспитательную составляющую и формирование гражданских ценностей у школьников.
Он отметил: «Государство создаёт все условия для обучения детей, и нам важно обеспечить реальную отдачу от реализуемых программ. Педагоги несут большую ответственность, поэтому прошу критически относиться к своей работе и своевременно решать возникающие вопросы».
Среди ключевых приоритетов выделены: соблюдение законности и правопорядка, профилактика рискового поведения подростков, развитие критического мышления и гражданских ценностей у учащихся.
Особое внимание уделено реализации программы «Адал азамат» как важного инструмента формирования ответственного и сознательного гражданина.
Руководитель Управления образования г. Алматы Сайран Сайфеденов отметил, что эффективность воспитательного процесса напрямую зависит от тесного сотрудничества семьи и школы: «Ребёнок становится тем, что видит в семье. Школа выполняет свои функции, но она не может заменить родителей. Совместные усилия помогут вырастить здоровое, грамотное и творчески развитое поколение».
По итогам коллегии утверждена резолюция, предусматривающая:
- конкретные меры по повышению качества образовательного процесса;
- усиление межведомственного взаимодействия;
- совершенствование мониторинга безопасности;
- повышение эффективности воспитательной работы;
- создание более безопасной и комфортной среды в школах города.
После завершения коллегии директора образовательных учреждений провели расширенные совещания с заместителями по учебной, воспитательной, профильной работе, АХЧ, а также с педагогическими коллективами, где обсудили принятые решения и определили планы по их реализации.


