Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаздар мен оқушылар кездесуі» атты спорттық спартакиада
01
қазан
2025

«Ұстаздар мен оқушылар кездесуі» атты спорттық спартакиада

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Мұғалімдер күні қарсаңында көптен күткен жарқын спорттық кездесу — «Ұстаздар құрамасы мен оқушылар құрамасы» арасындағы баскетболдан спартакиада өтті.

Спорт залындағы атмосфера нағыз мерекеге айналды: көрермендер қос команданы да қызу қолдап, жанкүйерлер сүйікті ойыншыларына арнап ұрандар айтып отырды. Мұғалімдер «От тобы» деген атаумен ойынға шықты және алғашқы минуттардан-ақ нағыз командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Дәл пас, нақты лақтырулар мен мықты қорғаныс арқасында педагогтар ойын барысында көшбасшылықты сенімді түрде сақтап отырды.

Оқушылар белсенді ойын көрсетіп, жеңіске деген талпыныс танытқанына қарамастан, мұғалімдердің тәжірибесі мен ұйымшылдығына төтеп бере алмады. Ойын нәтижесі — 18:4, ұстаздар құрамасының пайдасына.

Алайда бұл тек спорттық жеңіс қана емес, сонымен қатар мектеп ұжымының бірлігінің символына айналды. Спартакиаданың басты жетістігі — достық пен өзара сыйластық. Мұндай шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жағымды эмоциялар сыйлайды және спорт — әр адамға күш, қуат пен шабыт беретініне тағы бір дәлел болады.

В школе-лицее № 28 имени М.Маметовой состоялась яркая и долгожданная спортивная встреча — спартакиада «Сборная преподавателей и сборная школьников» по баскетболу, которая прошла в преддверии празднования Дня учителя. Атмосфера в спортивном зале была по-настоящему праздничной: зрители поддерживали обе команды громкими аплодисментами, а болельщики скандировали речёвки в честь своих фаворитов. Учителя выступили под названием «Команда огня», и с первых минут показали, что спортивный азарт и командный дух для них — не пустые слова. Слаженные передачи, точные броски и крепкая защита позволили педагогам уверенно удерживать лидерство на протяжении всей игры. Школьники, несмотря на энергичную игру и стремление к победе, не смогли противостоять опыту и сплочённости педагогов. Итоговый счёт — 18:4 в пользу учителей. Этот результат стал не только спортивным успехом, но и настоящим символом единства коллектива школы. Главная победа спартакиады — это, конечно, дружба. Ведь подобные мероприятия укрепляют связь между поколениями, дарят положительные эмоции и напоминают, что спорт — это сила, энергия и вдохновение для каждого.