Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай – дана, Абай – дара қазақта!»
09
қыркүйек
2025

«Абай – дана, Абай – дара қазақта!»

Қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мектебімізде 09.09.2025 «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Бұл іс-шара Тілдер күніне орай ұйымдастырылып, оқушыларға ақынның рухани мұрасын терең таныстыруды, елжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіруді көздеді.     Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар ақынның шығармаларына арнап көркем сөз оқып, музыкалық номерлер орындап, Абайға қатысты танымдық сұрақ-жауап ойындарына белсене қатысты. Әсіресе, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу арқылы оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттері байқалды. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақ тілі кафедрасы.