Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2025

Аудандық сенбілікке

Күз мезгілі – табиғаттың түрлі түске боялып, сұлулығымен тамсандыратын ерекше шағы ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жолында игі істер жасауға тамаша мүмкіндік. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Адал Азамат» бағдарламасы аясында КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің» ұжымы ата-аналармен бірлесе отырып аудандық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік мектеп аумағында өтті.

Педагогтар, техникалық қызметкерлер мен белсенді ата-аналар ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, мектеп пен оның айналасын таза әрі жайлы етуге үлес қосты. Қоқыс пен жапырақтар жиналып, жолдар сыпырылып, гүлзарлар мен жасыл аймақтар ретке келтірілді.

Бірлесе атқарылған еңбек нақты нәтижелерге жетудің кепілі екенін тағы бір дәлелдеді. Бірнеше сағаттың ішінде мектеп аумағы көркейіп, тазарып, күздің өзіндік сәнімен жарқырай түсті.

Мұндай шараларға ата-аналардың қатысуы – отбасы мен мектеп арасындағы шынайы серіктестіктің жарқын үлгісі. Әрбір адам ортақ іске жауапкершілікпен қарап, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Бұл – азаматтық ұстаным мен болашаққа, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың белгісі.

КГУ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі» сенбілікке қатысқан барлық жандарға алғысын білдіреді. Осындай игі бастамалар мектеп қауымдастығының ынтымағын арттырып, жас ұрпақты патриоттық рухта, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

Таза Қазақстан – өзімізден басталады!
 Адал азамат – ешқашан бейжай қалмайтын жан!
 Таза қала – өз қолымызда!

Осенняя пора — это не только время ярких красок природы, но и отличный повод сделать добрые дела во благо окружающей среды. В рамках республиканских акций «Таза Қазақстан» и программы «Адал Азамат» коллектив КГУ «Школа-лицей №28 им. М. Маметовой» совместно с родителями  принял активное участие в районном субботнике. Субботник прошёл на территории  школы.
Педагоги, технический персонал и неравнодушные родители объединили усилия ради общей цели — сделать родную школу и её окрестности чище и уютнее. Были убраны опавшие листья, мусор, подметены дорожки, приведены в порядок клумбы и зелёные зоны.
Совместный труд показал: только вместе можно добиться ощутимых результатов. Территория школы преобразилась буквально за несколько часов — теперь она радует глаз чистотой, порядком и осенним уютом.
Участие родителей в таких мероприятиях — это яркий пример настоящего партнёрства семьи и школы, где каждый чувствует свою ответственность за общее дело и подаёт пример детям. Это и есть проявление гражданской позиции, заботы о будущем и окружающем мире.
КГУ "Школа-лицей №28 им. М. Маметовой" выражает благодарность всем, кто откликнулся и принял участие в субботнике. Такие добрые инициативы укрепляют связи внутри школьного сообщества и способствуют воспитанию подрастающего поколения в духе патриотизма, трудолюбия и ответственности. Таза Қазақстан начинается с нас! Адал азамат — это каждый, кто не остаётся в стороне! Чистый город начинается с нас!