Жазғы лагерь/Летний лагерь
Бүгін «Қарлығаш» лагерінің балалары үшін ұмытылмас, мазмұнды және танымды күн болды! Бағдарлама қызықты шаралармен, ойындармен және пайдалы ақпаратпен толықты.
📌 Күн бағдарламасы:
🌊 Түрген шатқалындағы «Аюлы сарқырамасына» сапар:
• Балалар сарқырамаға жаяу көтеріліп, табиғаттың сұлулығы мен таза ауаның рахатын сезінді.
• Жол барысында «Саппен жүру ережелері мен ЖҚЕ» тақырыбында әңгіме өтті. Балалар жолда жүру ережелерін қайталап, топпен қозғалу тәртібі және жолдағы қауіпсіздік маңыздылығы туралы білді.
🏢 «Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек» тақырыбында әңгіме:
• Әдептілік ережелері мен өмірдің түрлі жағдайларындағы мінез-құлық нормалары талқыланды.
• Басқаларға деген құрметті қалай көрсету керек және мәдениетті болудың мысалдары қарастырылды.
⛰️ «Тауға дұрыс көтерілу» тақырыбындағы әңгіме:
• Балалар соқпақта бір-біріне жол берудің, итерілмеудің және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінді.
• Бейтаныс өсімдіктерге тиіспеу қажеттілігі мен жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелері талқыланды.
💬 Біздің балалар үйге жаңа біліммен, жарқын эмоциялармен және тамаша көңіл-күймен оралды! Ертең кездескенше — одан да қызықты болады!
