Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым – мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары
01
маусым
2025

1 маусым – мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №28 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары бұл жарқын әрі мейірімді мерекені ұмытылмас серуенмен атап өтті. Олар қаланың ең көрікті орындарының бірі – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың есімдерін иеленген саябаққа саяхат жасады.

Оқушыларға сынып жетекшілері – Шалтеева Наталья Константиновна мен Рахметалла Уазипа Темірқызы еріп барды. Мұғалімдер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, әр балаға жайлы әрі жанға жылу сыйлайтын атмосфера орнатты.

Саябаққа кірген сәттен бастап-ақ балалардың күлкісі мен шат-шадыман дауыстары айналаны қуанышқа бөлеп, мерекелік көңіл күй орнады. Ұйымдастырушылар әр бала өзіне қызықты іс таба алатындай мазмұнды ойын-сауық бағдарламасын дайындады.

Ең танымал шеберлік сағаттарының бірі — пицца дайындау болды. Жас аспаздар қамыр илеу, түрлі қоспаларды таңдау секілді кезеңдерге қызығушылықпен қатысып, кейін өз қолдарымен жасаған дәмді пиццаларды рақаттана жеді.

Құрастыруды ұнататын балалар үшін шығармашылық аймақтар жұмыс істеді, онда оқушылар түрлі құрылымдар мен макеттер жасап, өздерінің тапқырлығы мен инженерлік ойлау қабілеттерін көрсетті.

Сурет салуға құштар балалар түрлі-түсті суреттер салып, ал қолөнерді ұнататындар бисерден әдемі әшекейлер тоқыды.

Ерекше қызығушылық тудырған аймақ – "Жанармай құю бекеті" интерактивті алаңы болды. Мұнда ұлдар мен қыздар өздерін нағыз жүргізуші ретінде сезініп, түрлі тапсырмаларды орындады.

Көңілді атмосфераны үлкен қуыршақ кейіпкерлер толықтыра түсті. Олар саябақ ішінде серуендеп, балалармен құшақтасып, бірге суретке түсіп, нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бұл керемет күн оқу жылының жарқын қорытындысына айналып, балалардың жүрегін қуаныш, жылулық пен жаңа әсерлерге толтырды. Мереке тек жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, мектеп ұжымындағы достықты, сенімді және бірлікті нығайтудың маңызды сәтіне айналды.

Мұндай іс-шаралар балалардың есінде ұзақ сақталып, балалық шақтың бақытты әрі жарқын болуына септігін тигізеді.


1 июня, в Международный день защиты детей, учащиеся 5-х классов школы-лицея №28 отпраздновали этот светлый и добрый праздник незабываемым походом в один из самых живописных уголков города — парк имени Маншук Маметовой и Алии Молдагуловой. Ребят сопровождали классные руководители — Шалтеева Наталья Константиновна и Рахметалла Уазипа Темиркызы, которые обеспечили не только безопасность, но и душевную атмосферу для каждого школьника.С первых минут парк наполнился детским смехом и радостными голосами — всё вокруг словно дышало праздником. Организаторы подготовили насыщенную развлекательную программу, где каждый ребёнок мог найти занятие по душе. Особенно популярными стали мастер-классы по приготовлению пиццы — юные повара с увлечением замешивали тесто, выбирали ингредиенты, а потом с удовольствием пробовали собственные кулинарные шедевры.Для тех, кто любит конструировать, работали творческие зоны, где ребята строили модели и сооружения, проявляя смекалку и инженерное мышление. Настоящие художники с удовольствием рисовали яркие картины, а любители рукоделия плели из бисера красивые украшения.Особый восторг вызвала интерактивная зона "Заправка АЗС", где мальчишки и девчонки могли почувствовать себя настоящими водителями. Веселья добавляли ростовые куклы, которые разгуливали по парку, обнимали детей и фотографировались с ними, создавая по-настоящему праздничное настроение.Этот чудесный день стал яркой точкой в завершении учебного года и наполнил сердца детей радостью, теплом и новыми впечатлениями. Праздник не только подарил море эмоций, но и стал важным моментом в укреплении дружбы, доверия и единства школьного коллектива. Такие мероприятия надолго остаются в памяти, ведь они делают детство по-настоящему счастливым.