«Ғылым мен Шығармашылық Онкүндігі»/«Декады Науки и Творчества»
Ғылым және Шығармашылық онкүндігі аясында Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері Павлетенко В.А. мен Курманалиева К.Ж., сондай-ақ тарих пәні мұғалімдері Берлібаева А.Е. және Сүлейменова Л.М. оқушылармен бірлесе отырып «Адамзаттың ұлы жаңалықтары» тақырыбында жарқын әрі танымды постерлер көрмесін ұйымдастырды.
Көрме шығармашылықты, креативтілікті және оқушылардың ғылыми қызығушылығын біріктіріп, көне заманнан бастап қазіргі ғылым жетістіктеріне дейінгі маңызды ашылымдарға арналған постерлерді қамтыды.
Әрбір постер — бұл оқушылардың зерттеу мен шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Олар тек материалдарды көркем безендіріп қана қоймай, ұлы ғалымдардың өмірбаянын, олардың жаңалықтарының мәнін және адамзат дамуына қосқан үлесін де мұқият зерттеді.
Көрме оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын тудырып, ғылыми прогресс арқылы уақыт кеңістігіне визуалды саяхатқа айналды.
Тарих және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің бірлескен жұмысы арқасында бұл шара тек танымдық қана емес, сонымен қатар шабыттандыратын мазмұнға ие болып, балаларда ғылымға деген құрметті, ізденіске деген құлшынысты және шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етті.
В рамках Декады Науки и Творчества в школе-лицее № 28 им. Мәншүк Мәметовой учителя художественного труда Павлетенко В.А. и Курманалиева К.Ж., а также учителя истории Берлибаева А.Е. и Сулейменова Л.М. совместно с учащимися подготовили яркую и познавательную выставку постеров на тему «Великие открытия человечества». Экспозиция объединила в себе творчество, креативность и научный интерес школьников, которые представили постеры, посвящённые значимым открытиям в различных сферах — от античных изобретений до достижений современной науки. Каждый постер стал результатом исследовательской и творческой работы: учащиеся не только оформляли материалы художественно, но и изучали биографии великих учёных, суть их открытий и влияние на развитие человечества. Выставка вызвала большой интерес у учеников и педагогов, превратившись в визуальное путешествие сквозь века научного прогресса. Благодаря межпредметному подходу и тесному взаимодействию учителей истории и художественного труда, мероприятие стало не только образовательным, но и вдохновляющим, способствующим развитию у детей уважения к науке, любознательности и творческого мышления.
