Кеңес Одағының Батырлары атындағы мектептердің «Ұрпақ арқылы патриотизм: ерлік пен азаматтық жауапкершілік тағылымы» атты халықаралық слеті өтті.
2025 жылдың 21–22 сәуірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Білім басқармасы, әкімдік, Медеу ауданының білім бөлімі мен Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, сондай-ақ Алматы қаласы Офицерлер одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Батырлар есімімен аталған мектептер слёті: «Ұрпақтар арқылы ұласқан патриотизм: ерлік пен азаматтық жауапкершілік сабақтары» атты Халықаралық слёт өтті.
Слётке Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен делегациялар жиналды. Атап айтқанда: Маншүк Мәметова ерлікпен қаза тапқан Невель қаласы, қоршауға алынған, бірақ рухын жоғалтпаған Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), сонымен қатар Алматы, Шымкент, Орал қалалары мен Қарағанды облысындағы Ақадыр ауылы және Жетісу облысындағы Көгалы ауылының мектептері қатысты. Бұл кездесудің басты маңызы – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ерлік пен тарихи жады төңірегінде біріктіру болды.
Слёт қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде мектеп директоры Медетбекова А.Т. былай деді:
«Мектебіміз үшін Маншүк Мәметова есімі – жай ғана атау емес, бұл – жүрегіміздің үні, ар-ожданымыз, рухани бағдарымыз. Мектебіміздің тарихы соғыс жылдарымен тығыз байланысты. 120 мұғалім мен оқушы майданға аттанды. Олардың қатарында мектеп директоры Званцев Геннадий Фадеевич те болды. Үш түлегіміз — Владимир Засядко, Владимир Бреусов және Маншүк Мәметова — Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың ерлігі — жүрегімізде, әрбір сабағымызда, мектеп қабырғасында мәңгі сақталады.
1978 жылы Маншүктің анасы — Амина Сүлейменқызы ашқан «Жауынгерлік Даңқ» мұражайы – бүгінде 47 жыл бойы патриоттық тәрбие, тарихи зерттеу мен ұрпақ жадын сақтаудың орталығына айналды. Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Маншүктің майдандас достары, ардагерлер келетін. Біз Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевты, Кереев Бекбосын Исатаұлын қарсы алдық. Бүгінде олар арамызда жоқ. Бірақ олардың рухы бізбен бірге. Біз оны шәкірттеріміздің даусынан, ардагерлердің көзіндегі алғыстан, Мәңгілік алау сәулесінен сеземіз. Ардагерлер азайып барады, сондықтан олардың қорғаған мұрасын сақтау — біздің қасиетті борышымыз. Біз — осы слёттің қатысушылары — бір шынжырдың буындарымыз. Бізді ортақ тарих пен ортақ жауапкершілік байланыстырады: ұмытпау, сатпау, сақтау!»
Слёт аясында қатысушылар 28 панфиловшы батырлар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Батырлар ерлігіне тағзым етті. Олар сонымен қатар Армия үйіндегі мұражай мен ашық аспан астындағы экспозицияларды аралап, тарихи оқиғаларды тереңінен сезініп, шынайы әсер алды.
Іс-шараның құрметті қонағы — Кеңес Одағының Батыры Маншүк Мәметованың немере қарындасы Мәметова Ш.К. болды. Оның қатысуы бұл күнге ерекше маңыз беріп, кешті шынайы әрі жүрекке жылы естелікке айналдырды.
Слёт шынайы ерлік пен патриотизм сабағына айналды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың жүрегіне ата-баба ерлігіне деген терең құрметті ұялатып, ел болашағы үшін адал еңбек етуге рух береді.
21-22 апреля 2025 года в преддверии 80-летия Великой победы прошел Международный слёт школ, носящих имена Героев Советского Союза «Патриотизм сквозь поколения: уроки мужества и гражданской ответственности», организатором была КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой», при поддержке Управления образования г.Алматы, Акимата, Районного отдела образования и Управления по делам обороны Медеуского района, общественного объединения Союза офицеров г.Алматы.
Слёт собрал делегации из разных уголков Казахстана и России. Город Невель, именно под Невелем в октябре 1943 года героически погибла Маншук Маметова, медик и пулемётчица, которая до последнего вздоха сражалась за Родину, став символом отваги, мужества и беззаветной любви к своей земле, Санкт-Петербург (Ленинград) — город-герой, выстоявший в блокаде, переживший голод и обстрелы, но не потерявший силу духа. В слёте приняли участие школы из Алматы, Шымкента, Уральска, а также сёл Акадыр Карагандинской области и Кугалы Жетисуской области. Это стало важным моментом объединения поколений вокруг памяти и героического наследия.
Особенно трогательным стал момент, когда участники возложили цветы в Вечному огню в парке 28-панфиловцев — у священного памятника героизму и стойкости наших солдат. Посетили музей в Доме Армии, а также экспозиций под открытым небом, где оживает история.
Почётной гостьей мероприятия стала Маметова Ш.К. — внучатая племянница Героя Советского Союза Маншук Маметовой. Её присутствие сделало день особенно значимым и эмоциональным — память о Маншук передаётся через поколения, живёт в сердцах и делах молодых.
Слет стал настоящим уроком мужества, чести и патриотизма. Такие мероприятия формируют у молодёжи глубокое уважение к подвигу предков и вдохновляют на созидание ради будущего своей страны.





















