Мектепішілік ата-аналар жиналысы «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты басымдығы»/Общешкольное родительское собрание «Безопасность детей – главный приоритет общества»
11 сәуірде КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі» базасында «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты басымдылығы» атты жалпы мектеп ата-аналар жиналысы өтті. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері негізгі талқыланатын тақырып болды.
Мектеп директоры Медетбекова А.Т. «Балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу: Отбасы мен мектептің рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша мектептің қазіргі жұмысын талдады.
Мектеп психологы Кожахметова Т.О. «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» тақырыбында тренинг элементтері бар дәріс өткізді. Ол қауіпсіз оқу ортасын құруға арналған практикалық кеңестермен бөлісіп, ата-аналармен «Қоңырау» атты интерактивті ойын ұйымдастырды.
Медеу ауданы білім бөлімінің әдіскері-психологы Ибраимова Жанна Мұхаметбекқызы «Жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында сөз сөйлеп, «Жасөспірімнің эмоционалдық тұрақтылығы – бұл да қауіпсіздік, және ата-аналар бұл жерде негізгі рөл атқарады» деген ойымен бөлісті.
Патрульдік полицияның Медеу ауданы бойынша аға лейтенанттары Мұқаметжан Ернат пен Аудан Данияр, Медеу аудандық прокуратурасының прокуроры Ахтамберді Айбек, полиция майоры Н.Махимов, полиция капитандары Е.Баткалов, А.Нұрымбетова – ювеналды полицияның өкілдері құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және тараптардың бірлескен жұмысы туралы айтты.
Ата-аналар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз бақылаулары мен пікірлерімен бөлісті және мамандардан пайдалы кеңестер алды. Жиналыстың қорытындысы – баланың қауіпсіздігі мектеп, отбасы және мемлекеттік органдардың тығыз ынтымақтастығысыз мүмкін еместігін түсіну болды.
Барлық қатысушыларға қызығушылықтары мен балаларымыздың болашағы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын болғандары үшін алғысымызды білдіреміз!


















