Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағат/Классный час
17
наурыз
2025

Сынып сағат/Классный час

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушылары арасында апта сайын «Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сынып сағаты өткізіледі. Бұл маңызды сабақтар төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамытуға және жер сілкінісі жағдайындағы әрекеттер туралы білімдерін арттыруға бағытталған.

Сабақ барысында оқушыларға жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері, сілкініс кезінде және одан кейінгі (кейінгі сілкіністер мен ғимараттардың зақымдануы) дұрыс әрекеттер туралы түсінік беріледі. Мұғалімдер қауіпсіз орындарды қалай анықтау керек екенін, қандай заттар қауіпті болуы мүмкін екенін және жарақаттан қалай сақтану керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Практикалық кеңестерге ерекше көңіл бөлінеді: жер сілкінісі кезінде ғимараттан қалай эвакуациялану, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, оқушылар дабыл белгілерін тануды, дүрбелең жағдайында сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.

Бағдарлама аясында тренингтер де өткізіліп, жоғары сынып оқушылары эвакуация мен басқа да әрекеттерді тәжірибе жүзінде орындап көреді. Бұл теориялық білімді бекітіп, шұғыл жағдайда сенімді әрекет етуге көмектеседі.
«Көмек» бағдарламасы оқушылардың өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, азаматтық қорғаныс пен қауіпсіздікке саналы көзқарас тәрбиелеуге ықпал етеді.

Еженедельно в КГУ "Школа-Лицей №28 им. М.Маметовой" среди учащихся 10-11 классов проводится классный час, посвященный программе «Көмек» на тему «Действия при землятресении». Это важное занятие направлено на повышение осведомленности старшеклассников о действиях, которые необходимо предпринять в случае землетрясения, а также на развитие практических навыков безопасного поведения в чрезвычайных ситуациях.
В ходе классного часа ученикам рассказываются основные принципы безопасности при землетрясении. Объясняются правильные действия во время самого землетрясения, а также после его окончания, когда могут возникнуть дополнительные угрозы, такие как послеударные толчки или разрушения. Учителя подробно рассказывают, как выбрать безопасное место, какие предметы могут представлять опасность, и как избежать травм.
Особое внимание уделяется практическим рекомендациям: как эвакуироваться из здания, если произошло землетрясение, и как оказывать первую помощь пострадавшим. Также в рамках классных часов учащиеся учат, как распознавать сигналы оповещения и действовать в условиях паники и хаоса, что важно для сохранения спокойствия и принятия правильных решений.
Кроме того, в рамках программы проводятся тренировки, на которых старшеклассники могут отработать полученные знания на практике, симулируя эвакуацию или другие действия в случае землетрясения. Это позволяет учащимся не только усвоить теоретические знания, но и приобрести уверенность в своих действиях в экстремальных ситуациях.
Программа «Көмек» помогает формировать у учащихся ответственность за свою безопасность и безопасность окружающих, а также способствует воспитанию сознательного отношения к вопросам гражданской защиты и безопасности.