№28 мектеп-лицейінің тарихшылары Алматы қаласының күнін заманауи гид
Алматы қаласының күніне арналған мереке аясында М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері өздерін жаңа қырынан — заманауи гид ретінде сынап көрді. Қаланың тұрғындары мен қонақтарына арнайы тарихи маршрут ұсынылып, әрбір адам QR-кодтар арқылы Алматының өткенімен етене танысу мүмкіндігіне ие болды. Баннерлерге орналастырылған сілтемелерді сканерлеу арқылы қатысушылар мынадай қызықты мәліметтер алды: Верный қаласы қашан негізі қаланды, ол қалай Алматыға айналды, қала