"Таза аймақ" экологиялық акциясы/Экологическая акция "Таза аймақ"
2025 жылдың 31 мамырында М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Эколог күніне орай «Таза аймақ» экологиялық акциясы өтті. Акция аясында мектептің педагогтары мен қызметкерлері мектеп аумағын тазалауға шықты. Жалпы күшпен мектеп ауласы тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді, қоқыстар жиналды. Мұндай іс-шаралар тек абаттандыруға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастырып, ұжымдық еңбектің құндылығын ұғынуға ықпал етеді. Таза мектеп — таза болашақ!