ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
Версия для
слабовидящих
» » » ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ
06
январь
2022

ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ

ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ.
Январь айындағы ЕНТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 21 январьға дейін ұзартылды. Бұған дейін өтінішдерді қабылдау 24 декабрьнан 5 январьға дейінгі кезеңге жоспарланған болатын. Алайда туындаған жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мерзімді 21 январьға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ ЕНТ-ны өткізу мерзімі 10 январь мен 10 февраль аралығынан кейінге шегерілді. Енді тестілеу 25 январь мен 22 февраль аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ЕНТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер университеттерге ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Сонымен қатар министрлік магистратура мен докторантураға қабылдау мерзімін 24 январьға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екінші қабылдау қорытындысы бойынша мыңнан астам қазақстандық грант иегерлері атанды. 

Похожие публикации:

30 апрель 2020 педагог-ағартушы
26 сентябрь 2019 Абай туралы
12 январь 2015 Хабарландыру