I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №28 имени М.Маметовой»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Бухгалтерия
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
06
октябрь
2023

I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

Мемлекет басшысы: 
«Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз  ету өте маңызды,- деп атап көрсетті.

Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар,- деп педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру жөнінде және кадрлар дайындаудағы олқыл тұстарды атап өтті.

Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет»,- деп ұстаздарды жаңашылдыққа үндеді. 
Осы уақытқа дейін белгілі бір күнде тойланбай келген бұл мерекеге республикалық деңгейде маңыз беріп, күнтізбеге енгізген президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ұстаздар қауымының атынан алғысымызды айта отырып, өзі атап көрсеткен ақпараттарға басымдық беріп, кәсіби жолымызды абыройлы атқарамыз деген сенімдемін.