Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мектеп қабырғасынан басталады. » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мектеп қабырғасынан басталады.
06
сәуір
2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мектеп қабырғасынан басталады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.  
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз. Болашақ ұрпағымызды адалдыққа үйретуіміз керек. 
«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген атам қазақ, егер кішкентайынан баланың санасына адалдық, жауапкершілік, отаншылдық қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасары күмәнсіз. Бұл жұмысты жүргізуде мектептегі оқушының екінші анасына айналған сынып жетекшілерінің атқаратын жұмысы аса маңызды екені белгілі.Өзім сынып жетекшілік жасап отырған 7 В сыныбында 2020-2021 оқу жылында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» бағытында тәрбие беру жұмысы маңызды орын алып отыр. Оқу жылының басында, 1 –қыркүйек күні өткізілген алғашқы сабақта ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, оның алдын алу, болдырмау туралы балалармен әңгімелесу өткізілді. Оқу жылының бойында «Жемқорлық – қоғам дерті», «Жемқорлықсыз Қазақстан», «Мен адал ұрпақпын» тақырыптары бойынша  сынып сағаттарында бірнеше мәрте әңгімелесулер, дәрістер жүргізілді.
Және оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың жалпы мемлекетке қауіп төндіретіні, адамдардың әл- аухатының жақсаруына кедергі келтіретіні, экономиканың құлдырауына әкеліп соғатыны, ұйымдасқан қылмысқа жол берілетіні туралы түсінді. Оқушылар «Адалдық сағаттары» шеңберінде көрсетілетін бейнефильмдерді жоғары қызығушылықпен көріп, өз әсерлерімен жарыса бөліседі. Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.Жоспарға сай өткізілген ата-аналар жиналыстарында «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен бопсалауды болдырмау», тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жемқорлықты болдырмауға ат салысуымыз керектігі тілге тиек болды.
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
Сандугаш Жумабековна НУРАЛИНА,
М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейдің
мұғалімі, Алматы қаласы

Похожие публикации:

10 тамыз 2020 День Абая