Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2020

Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы

2020 жылдың қазан айының 15-16 шы жұлдызында Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен  Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай  «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»  атты Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынның қара сөздері және өлеңдерін оқудан  Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн  байқауы өтті. Байқауға лицейіміздің атынан 9 «А» сынып оқушылары Серік Мадина, Ветлугина Карина қатысып, жүлделі орындар иеленді. 7-сынып оқушылары  Қуандықова Айару, Афанаси Владимир қатысып бағын сынағандары үшін  дипломмен, оқушыларды байқауға дайындаған   ұстаздары  Г.А. Кайыпова  мен Л.Д. Епекова «Алғыс хатпен» марапатталды. М.Мәметова атындағы №28 лицей ұжымы оқушылар мен ұстаздарды жеңісімен құттықтайды!