Педагог мәртебесі » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қаңтар
2020

Педагог мәртебесі

Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі»  деген еді. Бүгінде білімнің шамшырағы болып табылатын мұғалім мамандығының қадірі кетіп, туы аласарып бара жатқан уақытта, президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен  «Педагог мәртебесі» туралы қаулы қабылданып, заң жобасына енгізілді. 

    21 бабтан тұратын бұл заңнамада: мұғалімдердің құқығының аяқ асты болмауы, біліктілігін арттыруы үшін жасалатын жағдайлар, тұрғын үй, баспана мәселесі, айлық жалақыларының өсуі, барлығына бірдей 56 күн еңбек демалысы, педагогикалық әдептер, жетістіктері мен айырықша еңбегі үшін берілетін сыйақылар мен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы сонымен қоса т.б басқа көптеген мәселелер қарастырылған. 

Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер  даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Демек, қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. 

Енді кезекте, мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы тиіс. Сондықтан да, оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту – бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету де екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып, іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру – заман талабы. Әрине, басты тетік ұстаздың өзінде. Ұстаз өзін-өзі сыйлата білмесе, оқушы алдында білім беруге құқығы жоқ. Сондықтан үне­мі ізденісте жүрген, шеберлігін әрдайым шыңдайтын, мәдениеті, адамгершілігі бар, бітім-болмысы жоғары азамат – шәкірттің ғана ұстазы емес, қоғамның ұстазына айналары сөзсіз. 

       Рас, ұстаз мәртебесі туралы заң қоғамның барлық саласын да  бейжай қалдырмады. Барлық жиында, басқосуларда да, бұл тақырыпты айналып өткендер аз. Біз мұның бәрін – жанашырлық пен жауапкершілік деп ұқтық. Осылай барлық шарада, бастамада халықтың береке-бірлігі арта бергей.

Медетбекова А.Т. 

М.Мәметова атындағы 

№28 мектеп-лицейінің директоры, 

тарих пәнінің мұғалімі

Похожие публикации:

11 қаңтар 2020 Дөңгелек үстел
26 қыркүйек 2019 Абай туралы