Жыр дүлдүлі - Ілияс Жансүгіров » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыр дүлдүлі - Ілияс Жансүгіров
23
желтоқсан
2019

Жыр дүлдүлі - Ілияс Жансүгіров

Жер жаннаты Жетісудың ардақты перзенті Ілияс Жансүгіровтің өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру және үлгі ету мақсатында 21 желтоқсанда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде І.Жансүгіровтың немере қызы Алдабергенова Дина Санджаровна  мен келіні Қарлығаш Махметовна Қантарбаевамен (Болат Жансүгіровтың әйелі) кездесу кеш ұйымдастырылды. «Үш бәйтерегіміздің - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров туғанына 125 – жыл толуына орай кездесуіміз қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, қазақ поэзиясына революциялық өзгеріс әкелген үлкен ақын, әдебиетіміздің барлық жанрына елеулі еңбек сіңірген Ілияс Жансүгірұлына арналды.

Алдымен, оқушылар Ілияс атамыздың туған күні туралы қызықты фактілер келтірді.. 

Ілияс атамыз өзінің туған күнін 14 мамыр деп жаздырған. Ал, басқа әдебиеттерде 1 мамыр деп жазылған. Ілиястанушы ғалымдар: «Революциядан бұрын өмір сүрген қазақ туған жылы мен айын біледі, бірақ күнін дәл біле бермейді. Сәкен, Бейімбет үшеуі бір күні Ілиясты ортаға алып туған күнін сұрағанда:

- Жазға салым туыппын, бірақ ай-күнін білмеймін, - депті.

- Ендеше жазға салым күннің біреуін таңда, еуропалықтарша тойлаймыз туған күніңді, - деп Сәкен мен Бейімбет ұсыныс жасайды.

Ілияс атамыз: - Туған күнді тойлап, уақыт өткізіп жүреміз бе? - деп көнбейді. Екі құрдасы болмаған соң, ақырында ойланып тұрып:

- Мереке күні бәрі бір жұмыс істемейміз, мейрамдаймыз ғой.

Ендеше, менің туған күнім сол 1 май күні болсын, -дейді».

Келесі кезекте, І.Жансүгіровтың шығармашылығына тоқталып, 5-8 оқушылар ақынның танымал өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады.  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының және 10-11 сынып оқушылары дайындаған «Құлагер» поэмасының үзіндісін сахналанды. 

Әрине, І.Жансүгіровтың махаббат лирикасына тоқталып, оның өлеңдері тек өле-өлгенше сүйіп өткен жарына, балаларының анасы, туындыларының музасы Фатима Ғабитоваға арналғаны туралы айтылып, 9 «А» сыныбының оқушылы Кенжетаева Лаураның орындауында «Махаббат вальсі», «Аққу» билері орындалды.

Кешіміздің соңынды қонақтарға сөз беріліп, оқушылар сұрақтар қойды.Кештен кейін қазақ тіл мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері мен 10 сынып оқушылары І.Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірованың үйіне барып,  кезесіп, мектеп атынан құттықтау сөздер мен жылы лебіздерін білдірді, денсаулық тіледі.

Әдебиетте орның бөлек нар тұлға,
 Ұстанымың бопты «Алға, тартынба!»,
 Жырларыңды оқиды ұрпақ сүйсініп,
 Өшпейтұғын із қалдырдың артыңда.


Родился я, рос и мужал

Среди твоих вольных равнин,

Без края широкая степь!

Ты мать мне, я – кровный твой сын. 

И. Жансугуров

И. Жансугуров является не только видным представителем казахской литературы, но и яркой звездой мировой литературы. В честь празднования  125-летия Ильяса Жансүгірова у нас в лицее №28 им. М.Маметовой  был организован вечер встреча с  внучкой Ильяса Жансугурова Алдабергеновой Диной Санжаровной и снохой Кантарбаевой Карлыгаш Махметовной (жена Болата Жансугурова).

На мероприятии прозвучали стихи и песни поэта в исполнении учеников лицея. Рассказывали о лучшем произведение Ильяса Жансугурова  поэме «Кулагер», которая повествует о трагическом событии в жизни выдающегося акына Ахана-серы – гибели любимого скакуна Кулагера. Жеребец постоянно побеждал в байге, и его убили завистники. «Кулагер» – это не просто поэма. Это масштабное историческое полотно, охватывающее всю Великую степь, горы и реки, леса и озера. Вся поэма – это предупреждение поэта народу.  В этом году выпущена книга Ильяса Жансугурова на английском языке  в переводе Белинды Кук.

Учителями кафедры казахского языка и литературы и учениками 10-х классов поставлена сценка -отрывок   из поэмы «Кулагер». 

Особое место занимает любовная лирика поэта, которые были посвящены музе поэта Фатиме Габитовой. На вечере были показаны видеофрагменты из жизни и творчества И.Жансугурова, которые взяты из документального фильма «Фатима».

Много вопросов были заданы гостям учениками нашего лицея, на которые наши гости с удовольствием отвечали,  рассказали из жизни Ильяса Жансугурова, о семейных традициях Жансугуровых,  о фонде Ильяса Жансугурова и  как ведутся работы, и многое другое. 

После мероприятия учителя кафедры казахского языка и ученики нашего лицея  навестили дочь Ильфу Жансугурову, которая не смогла прийти и передали поздравительное письмо с пожеланиями здоровья и благополучия.

Пусть негасимая поэзия Жансугурова будет продолжением его жизни! Поэзия Ильяса Жансугурова - поэзия глубоких дум, больших чувств, рожденная сердцем поэта-гражданина, Жившего одной жизнью с народом!

Похожие публикации:

26 қыркүйек 2019 Абай туралы
12 қаңтар 2015 Хабарландыру