«Ұлы даланың жеті қырын» талдау бойынша онкүндіктің қорытындысы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Телефон директора:
+7(727) 261-64-82
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 272-69-46
Версия
для слабовидящих
» » «Ұлы даланың жеті қырын» талдау бойынша онкүндіктің қорытындысы
26
февраль
2019

«Ұлы даланың жеті қырын» талдау бойынша онкүндіктің қорытындысы

«Ұлы даланың жеті қырын» талдау бойынша онкүндіктің қорытындысы

Қазақ ес жиып, етек жапқалы өз алдына ел болып, хан сайлаған сәттен төресін төбесіне көтеріп, ұлығын ұлықтаса, көш бастаған көсемдері  халқының көсегесін көгертуге барын салған. Ол үшін арнайы заңнамалар мен түрлі жарлықтар шығарып қалың бұқараның арман-тілегін қостайтын, оларға бағыт-бағдар ұсынатын заң-жобалар қай кезде де болды. Тілге тиек етсек «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы»,  қала берді  Әз Тәукенің «жеті жарғысы» халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған заңнамалар болды. 

Егемендігімізді алып, қайтадан еңсе тіктеген сәтте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та бабалар салып кеткен сара жолдан адаспады. Жыл сайын түрлі мақалалар мен  стратегиялық маңызды жолдаулар жолдап отырады. Соның бірі және бірегейі   халқымыздың көшін ілгері  сүйреп, ендігі алар асуымыз бен жетер  межемізді бағдарлайтын  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы.  

Бұл мақаланы  Медеу ауданындағы  №28 М.Мәметова атындағы мектеп-лицейі де назардан тыс қалдырмады. Аталған мақаланы талдау, насихаттау аясында онкүндік іс-шаралар  ұйымдастырылып, педагогикалық ұжым арасында талқылаулар жүргізді.  Атап өтер болсақ,  12-ақпан күні сынып жеткешілерімен бірлесе отырып сынып сағаттары және  он күндіктің ашылуына орай дөңгелек үстел өткізілді. Барша білім ошағындағы оқушылар мақаласы аясында түрлі эссе жазып өз ойларын ортаға салды. 

«Көтерілген әрбір ой маңызды» постерлер қорғау сайысында мектебіміздің 8 «в» сынып оқушылары Чектыбаев Ален  мен Карташов Владимир ІІІ-орынға табан тіресе, «Асқақ шабытты оятатын мақала»  деген тақырыпта өткен эссе жазу сайысында І-орынды 11-сынып оқушысы Акимов Константин  иеленді. «Барымызды бағалай білейік» атты қолөнер сайысында ІІІ-орынды 9 «А» сынып оқушысы Дерябин Денис қанағат тұтты. 

Онкүндік    22  ақпан күні жабылып, қорытындылау кешіне Медеу ауданы білім бөлімінің әдіскері Ақылбекова Эльмира Нургазиевна келіп, белсенді оқушыларға марапаттау қағаздарын  табыс етті. Шарада   мектеп директоры Медетбекова Айсұлу Темірғалиевна сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларына: «Өнер-білім сайысында әрдайым осылай белсенділік танытып, ешқашан қанаттарың талмасын» деген жылы лебізін білдірді.    


Казим Тлекқабыл

Алматы қ. М.Мәметова атындағы

                                               №28 мектеп-лицейі

                                                      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі