АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАЙ ДЫ » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Телефон директора:
+7(727) 261-64-82
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 272-69-46
Версия
для слабовидящих
15
февраль
2019

АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАЙ ДЫ

АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАЙ ДЫ


         М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде 11 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты кездесу кеші өтті. Кешке құрметті қонақ ретінде Ауған соғысының ардагерлері Кушербаев Серик Аубакирович - авиация подполковнигі, Ан-26, Ан-12 әуе кемелерінің ұшқыш командирі, Алмалы ауданы Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері Одағының төрағасы; Дудин Евгений Васильевич - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі, 1979 жылы Ауғанстанға шекара кеңесшісі ретінде жіберілген. 1979-1981 жылдары Қандар, Құнар, Нангархар, Забол, Хелманд облыстарында жұмыс істеген; Бекжанов Қабдол Есенұлы – сыртқы барлау қызметінің полковнигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, Алматы облысының Кербұлақ ауданының құрметті азаматы. Ауғанстандағы әскери қимылдар кезінде үш рет арнайы тапсырмаларға қатысқан. Алматы қаласының сыртқы барлау ұйымының ардагері; Шиян Виктор Федорович - Ауғанстандағы әскери қимылдар кезінде барлау топтарының командирі; Ляпкало Анатолий Дмитриевич - тау винтовкаларының шебері; Ботбаев Әділқазы Әбдіқалықұлы - әуе күштері - 317, Кандагар; Павлов Юрий Яковлевич - взвод командирі шақырылды. Сонымен қатар, кездесуге Нұр Отан партиясының Медеу аудандық филиалының кеңесшісі М.Қожабердіқызы қатысты
Оқушылар  туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында өткен кездесу өте әсерлі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің тарихы мен батырларын ұмытпай, дәріптеуі де рухани жаңғырудың бір түрі деген ойымен сәйкес өткен  кездесуді «Жастар жылына» жасалған жақсы қадам деп білеміз. 
Кездесу   мектеп мұражайын тамашалаумен басталып, мәжіліс залында мектеп директоры   А.Т.Медетбекованың қарсы алу лебізімен жалғасын тапты.  Кеш барысында оқушылар  ауған соғысының қаншалықты қиын болғанын, батырлардың қаны төгіліп, ерен ерлік көрсеткенін түсінді. Кездесуге қатысқан  9 – 11- сынып оқушылары мен лицей  мұғалімдері үшін рухани азық болды.  Кездесу барысында мектеп оқушыларының арнайы дайындаған концерті ардагерлерге жақсы көңіл-күй сыйлады. 
Ауған соғысы ардагерлерінің бастарынан кешкендерін, қиындықтарға толы    әңгімелерін оқушылар ыстық ықыласпен тыңдап, «Ауғандықтар біздің сарбаздарымызға қалай қарады?», «Ауғанстанда қызмет еткен кезде қай жерде күресуге тура келді?» деген көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға оқушылар  жауап алды.

Тарихта қанды ізі, жүректе жазылмас жарасы қалған жылдар мен күндерді еске түсірген кездесудің үлкен тәрбиелік мәні зор,  мағыналы өтіп,  оқушылар жүрегінде мәңгілікке есте қалатыны анық. Ел үшін туған ерлердің есімі, ешқашан ұмытылмақ емес.

Мурзаканова Қызғалдақ 

Алматы қ. М.Мәметова атындағы

№28 мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 




Похожие публикации:

12 январь 2015 Хабарландыру