Қамқорлық» акциясы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Телефон директора:
+7(727) 261-64-82
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 272-69-46
Версия
для слабовидящих
05
февраль
2019

Қамқорлық» акциясы

«Қамқорлық» акциясы


Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. 

2019 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында  «Қамқорлық» дәстүрлі Республикалық акциясы өткізілді. 

Акцияның мақсаты: балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Аталған іс-шараға М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей оқушылары және ата-аналар түгелдей атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісті.                                                                                                           

Мектеп ұжымы және оқушылар арнаулы «Жанұя» комплексіндегі балаларға ойыншықтар мен оқу құралдары табысталды. 

Әлеуметтік жағдайы төмен, үш баланың анасы – Жубаниязова Әйгерім Тасболатқызының отбасына мектеп ұжымы азық-түлік, киімдер, ойыншықтар, теледидар сыйлады.

Бұл шараға барлық сыныптар  белсене ат салысты.                                            

Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  шағын әңгімелер өткізілді. «Жақсылық жаса», «Твори добро» , «Забота» деген тақырыпта барлық сыныптар арасында марафон өткізіліп, киім-кешек, мектеп оқу-құралдарымен, ойыншықтармен көмек көрсетті. Белсенділік көрсеткен сыныптар:  7 «Б», 4 «В»,  1«В», 1«Г». Мектеп ұжымы  осы сынды  қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытады.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқандарыңызға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.